Елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 22 желтоқсанда N 3-13-90 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің әкімінің 10.12.2014 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 05.04.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 16 бабына, сәйкес Кішіқұм ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің әкімінің 10.12.2014 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Кішіқұм ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:

      1) Шілікті ауылы бойынша:

      "Толағай", "Теректі", "Сартепсең", "Қоңыртөбе", "Сарөзек", "Жалаулы", "Достық", "Меңдікөл", "Мұрынқұм", "Сарбұлақ", "Бейбітшілік", "Теміржолшылар", "Шілікті" көшелері;

      2) Қарашоқат станциясы бойынша:

      "Кішіқұм", "Жеңіс", "Теміржолшылар", "Достық" көшелері;

      3) Ақеспе станциясы бойынша:

      "Отан" көшесі;

      4) Шоқысу станциясы бойынша:

      "Теміржолшылар", "Толағай", "Сарбұлақ", "Жастар" көшелері.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім ресми алғаш жариялағаннан кейін 10 күн тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кішіқұм ауылдық округ әкімі: Қ. Сарсембай.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады