Парламент Сенатына депутаттарды сайлау кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру, сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалаcының әкімдігінің 2008 жылғы 05 қыркүйектегі N 35/19 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 13 қазанда N 8-1-76 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалаcының әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы N 33/08 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалаcының әкімдігінің 13.08.2014 N 33/08 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңының 28-бабы ; 4, 6 тармақтарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Облыстық сайлау комиссиясының тапсырысына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламент Сенатына депутат кандидаттарға сайлаушыларымен кездесу үшін (келісімге сәйкес) орын берілсін (қосымша 1).

    2. Сайлаушылар комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды анықтасын (қосымша 2).

    3. Барлық кандидаттарға бірыңғай жағдай жасау үшін кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін құрастыру кезінде кездесудің ұзақтығы күніне 2 (екі) сағаттан артық болмауын облыстық сайлау комиcсиясына ұсынсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Ерғали Қуандықұлы Егембердіге және Октябрь ауданының әкімі Сергей Владимирович Касимовқа жүктелсін.

    5. Осы қаулы ресми жарияланған уақыттан бастап іске асырылады.

    Қарағанды қаласы
    әкімінің міндетін атқарушы                 В. Иванов

"Парламент Сенатына депутаттарды
сайлау кезеңінде үгіттік баспа
материалдарын орналастыруға,
сайлаушылармен кездесу үшін
орын анықтау туралы"
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 05 қыркүйек
N 35/19 қаулысына
1 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша
сайлаушылармен кездесу мекемелерінің мекенжайлары

N

Аудан атауы

Мекемелердің  мекенжайы

Жалпы көлемі

1

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Қарағанды "Болашақ" Университеті (Ерубаев к. 16)

150 орын

2

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты

150 орын

3

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Банк колледжі (Мұканова к. 3)

200 орын

4

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

"Каргормаш" Жеке шектеулі серіктестігінің акт залы

150 орын

5

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің залы (Магнитогорская к. 19)

240 орын

6

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Теміржолшылар" мәдениет үйінің залы

450 орын

7

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Молодежный" мәдениет үйінің залы

450 орын

"Парламент Сенатына депутаттарды
сайлау кезеңінде үгіттік баспа
материалдарын орналастыруға,
сайлаушылармен кездесу үшін
орын анықтау туралы"
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 05 қыркүйек
N 35/19 қаулысына
2 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша
баспа материалдарын орналастыру орындары

N

Аудан атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Ерубаев к. - Бейбітшілік бульвары бұрышында орналасқан Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жарнамалар қалқаны

2.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бұқар Жырау даңғылы, "Алтын Арба" базарында орналасқан жарнамалық қалқан

3.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Құрылысшылар даңғылындағы "Сарыарқа" кинотеатрының Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жарнамалық қалқаны

4.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Степной 3 ықшамауданы, "Турист" дүкені аялдамасында орналасқан жарнамалық қалқан

5.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бейбітшілік бульвары 12/2, "Колумбия" дүкеніне қарама-қарсы орналасқан жарнамалық қалқан

6.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

С.Сейфуллин к., "Баня" аялдамасының музыкалық комедия театрында орналасқан жарнамалық қалқан

7.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Қазақстанның 50 жылдығы атындағы (Майқұдық) аудандық саябағында орналасқан жарнамалық қалқан

8.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Мануильский к. 6 (Сұрыптау станциясы) орналасқан жарнамалық қалқан

9.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Молодежный" МҮ алаңында орналасқан жарнамалық қалқан

10.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Жаңа Майқұдық" МҮ алаңында орналасқан жарнамалар қалқаны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады