Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы

Жаңартылған

Қарағанды қалаcы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 33/08 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 тамызда № 2729 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды қаласы әкімдігінің 29.06.2017 № 26/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттардың депутаттары болуға үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (А.М. Ғазалиев – келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Р.Х. Қабжановқа және Октябрь ауданының әкімі Е.О. Темірхановқа жүктелсін.

      4. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі "Парламент Сенатына депутаттарды сайлау кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру, сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орындарды анықтау туралы" № 35/19 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8-1-76 болып тіркелген, 2008 жылғы 25 қазандағы "Индустриальная Караганда" № 133-134 (20679-20680), 2008 жылғы 25 қазандағы "Орталық Қазақстан" № 165-166 (20549) газеттерінде жарияланған), Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы" № 55/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8-1-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсандағы "Индустриальная Караганда" № 139 (21153), 2011 жылғы 8 желтоқсандағы "Орталық Қазақстан" № 204-205 (21195) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды қаласының әкімі

Н. Әубәкіров


  Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 33/08 қаулысына
1 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша
сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары

Аудан атауы

Үй-жайлардың

мекенжайы

Жалпы көлемi

1.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінің акт залы, Мұқанов көшесі, 41 (келісім бойынша)

153 орын

2.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Саңыраулар мәдениет үйінің акт залы, Н. Әбдіров даңғылы, 31

90 орын

3.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің акт залы, Баженов көшесі, 164

300 орын

4.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

"Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы филиалының акт залы, Жәнібеков көшесі, 42 (келісім бойынша)

100 орын

5.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Д.А. Қонаев атындағы колледждің акт залы, Ермеков көшесі, 28 (келісім бойынша)

100 орын

6.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Молодежный" мәдениет үйінің залы, 22 ықшамаудан

577 орын

7.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Темiржолшылар" мәдениет үйінің залы, М. Мәметова көшесі, 111

412 орын

8.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің кіші залы, Магнитогорская көшесі, 19

270 орын

  Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 33/08 қаулысына
2 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша
баспа материалдарын орналастыру орындарының орналасуы

Аудан атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін

1.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

С.Сейфуллин көшесі бойынша "Монша" аялдамасындағы музыкалық комедия театрының ақпараттық қалқаны

2.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Степной-3 ықшамауданы, "Турист" дүкенi аялдамасы жанындағы ақпараттық қалқан

3.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бұқар жырау даңғылындағы Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы ақпараттық қалқан

4.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бұқар жырау даңғылындағы С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының алдындағы ақпараттық қалқан

5.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Құрылысшылар даңғылы бойынша "Емхана" аялдамасындағы ақпараттық қалқан

6.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

К. Станиславский атындағы орыс драма театрының алдындағы ақпараттық қалқан

7.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Ботагөз" кинотеатрының ауданындағы ақпараттық қалқан

8.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Ұмай" сауда үйінің алдындағы ақпараттық қалқан

9.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Автобекеттегі ақпараттық қалқан, 21 ықшамаудан

10.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Автобекеттегі ақпараттық қалқан, 23 ықшамаудан

11.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Мануильский көшесі, 6 бойынша, ақпараттық қалқан (Сұрыптау)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады