"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 шілдедегі XXXIII сессиясының N 359 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 52 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 ақпанда N 8-6-59 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы N 336 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.05.14 N 336 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 қыркүйектегі Заңына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдары тұрмыстық-коммуналдық сфераны дамыту бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 шілдедегі XXXIII сессиясының N 359 шешіміне (Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 4 тамызда 8-6-30 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2006 жылғы 9 тамыздағы 91 (1346) нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасында:
      1-тараудың 2-тармағындағы "18 % мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздері "15 % мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).

      Сессия төрайымы                            Ә. Сәденова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Ковтун

      Келісілді:

      "Сәтбаев қалалық еңбекпен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т. Қапарова
      2008 жылғы 23 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады