Аудан елді - мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалық сақтау, санитарлық тазалау, көркейту ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2008 жылғы 31 наурыздағы N 70 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 мамырда N 8-10-64 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012.04.10 N 34 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабы, 1–тармағы, 8–тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аудан елді–мекендерінің аумағын жинастыру ұйымдастыру, тазалық сақтау, санитарлық тазалау, көркейту ережелері бекітілсін. (қосымшаға сәйкес).
      2. Осы Ереже белгіленген талаптар мен жауапкершіліктердің орындалысын қатан қадағалап, қамтамасыз ету, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдануға ұсыну ауданның тиісті құзырлы органдарына, кент, селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Күлмағанбетова) жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            А. Күлмағанбетова

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақтоғай ауданының тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімінің бастығы                  А. Тохметов
      31.03.2008 ж.

Ақтоғай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 31 наурыздағы
кезекті 5 сессиясының
70 шешіміне қосымша

Аудан елді-мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көркейту
Ережелері

      Осы Ережелер 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері жөніндегі заңнамаларына сәйкес жасалды және аудан елді-мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көркейту және жасыл желектендіру саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қатынастарын реттейді.
      Осы Ережелердің мақсаты қысқы және жазғы мерзімде аудан елді-мекендерінің аумағын тазарту тәртібін анықтау. Көліктердің, жаяу адамдардың жүру қозғалысының қауіпсіздігін және тазалауды қамтамасыз ету үшін, ауданның елді-мекендерінің аумағын көркейтуді және санитарлық күтуді, сыртқы жарықтандыру, жасыл желектер, ғимараттар және басқа да нысандарды бұзу жауапкершілігін, жинастыру жұмыстарын орындау кезіндегі талаптарды белгілеу.
      Ауданның елді-мекендер аумағында орналасқан меншік түріне қарамастан барлық субъектілер үшін міндетті Ережелер.

1. Жалпы ережелер

      1. Санитарлық тазалау, ауданның елді-мекендерінің аумағын жинау жүйесі тұрмыс қалдықтарын ұтымды жию, тез арада жою, сенімді зиянсыздандыру және экономикалық мақсатқа сәйкес қайта өңдеуді қамтиды. Соның ішіне тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтану және мәдени тұрмыстық бағыттағы кәсіпорындардан, канализациясыз ғимараттардан сұйық, көше қоқысы, қар және басқа да ауданның елді-мекендер аймағындағы жиналған тұрмыс қалдықтары, жазғы және қысқы мерзімде қоғамдық орындар аумағын жинау және күтуді ұйымдастыру кіреді.
      2. Ауданның елді-мекендерінің аумағын тазалау жұмыстарын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін және арнайы машиналарды тиімді пайдалануға барлық жинастыру, тұрмыс қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру жұмыстары бірыңғай орталықтандырылған жүйеге, белгіленген тәртіпке, тарифке және басқа нормативтік материалдарға бағынуы тиіс.
      3. Тұрғын-үйлер ауласын, өтетін жерлерді тазалау тұрғын-үй иелеріне немесе тұрғын-үй кооперативтеріне жүктеледі, олар бекітілген аумақты жинастыруды және қоқыс шығаруды өз күштерімен, сондай-ақ келісім-шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тарту арқылы жүргізе алады. Жергілікті атқарушы органдардың белгілеуімен әрбір мекемеге тазалау жұмыстарын жүргізу үшін нақты аумақ шекарасымен белгіленуі тиіс.
      Тұрғын-үйлер ауласын, үйге келетін жолдарды жинастыру тұрғын-үйлер кооперативтеріне, ал магистральдық көшелерді, ішкі кварталдық өтетін жерлердің аралығын, тротуарларды жинау олармен жақын арада орналасқан (шектеліскен) мекемелерге, кәсіпорындарға жүктеледі.
      Жанар-жағармай станцияларынан 15 м радиуста орналасқан аумақтарды жинастыру және тазалықты ұстау станция қызметкерлерімен іске асырылады. 15 метр радиустағы сауда орны орналасқан аумақтарды тазалау және жинау барлық меншік түріндегі сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді.
      Құрылыс, күрделі ағымдағы жөндеу нысандарына тиіп жатқан аумақтарды жинау және таза ұстау жауапкершілігі құрылыс жөндеу жүргізіп жатқан мекемеге жүктеледі.
      4. Тиісті құрылыс аудандарында жоспарлы үнемі тазалау жұмыстарын жүргізу кезегі жергілікті басқару органдарының және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет келісімімен белгіленеді.
      5. Қатты және сұйық қоқыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға шығаруға және де ауылшаруашылық егістіктеріне көміп тастауға тыйым салынады.

2. Жалпы пайдалану орындарын тазалау және күту

      6. Парктердің, сауда орындарының, демалыс аймақтарының аумақтары, көпшілік ойын-сауық орындары және басқа жалпы пайдалану орындары белгіленген жалпы ережелердің талаптарына сәйкес күтіледі.
      7. Барлық алаңдарда және көшелерде, сауда орындарында, көлік аялдамаларында және басқа жерлерде жеткілікті қоқыс салғыштардың болуы тиіс. Қоқыс салғыш арасы магистральды (аумақтарды) қарқынды пайдалану жиілігіне байланысты анықталады, бірақта көп жүретін көшелерде 40 метрден, ал жүрушілері аз көшелерде 100 метрден аспауы тиіс. Қоқыс салатындар жүйелі түрде толуына байланысты тазалануы тиіс. Қоқыс салатындардың тазалығын сақтау өздеріне бекітілген аумақты жинастыруды қамтамасыз ететін ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер жауапты. Меншік иелері өз мекемелерінің, және үйлерінің кіретін және шығатын фасад бөлшегіне, сауда жерлеріне, парктерге қоқыс салғыш орналастырады. Қоқыс салғыштар жарақты жағдайда күтілуі керек, толуына байланысты тазартылып, дезинфекцияланып, жылына 2 рет сырланып тұруы қажет.
      8. Балалар алаңшасына көлік құралдарын қоюға, көлік құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты аумақты ластауға тыйым салынады.
      9. Жасыл желектер меншік иелігіне қарамастан ұсталмайтын мемлекеттік қор болып есептелінеді және заң жүзінде қорғалады. Жеке және заңды тұлғалар өзіне бекітілген аумақтағы жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуге заңнамаларға сәйкес міндетті, ол үшін толық агротехникалық шаралар жинағын жүргізу керек, атап айтқанда:
      - суару, қию, кепкенді кесу, апатқа ұшыраған және кепкен ағаштарды жинау, бағандарын тазалау, бағандар және тамыр бойындағы жас бұтақшаларды шығару, тыңайтқыш салу, жас ағаштардың бағаналарында шұқыр орналастыру, дезинфекциялау, жарасын ысылау, қуысын бітеу, және де арам шөптерді жою үшін механикалық өңдеу;
      - түскен мерзімде жапырақтарды уақытында жинау. Жиналған жапырақтарды белгіленген жерге шығарады. Тұрғын-үй жанында, скверлерде, парктерде жапырақтарды жағуға тыйым салынады;
      - Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сай қорды сақтауды қамтамасыз ету;

3. Өтетін жерлерді және тротуарларды күту және тазалау

      10. Аумақты көріктендіру және тазалау жұмыстары жазғы және қысқы болып бөлінеді, жүйелі, мерзімді немесе жедел түрде жүргізіледі;
      Жүйелігіне қатысты: сыпыру, жуу, тазалау, суару, тырмалау, қарды сыпыру және шығару, мұзды ою және қар-мұз жиынтығын шығару;
      Мерзімдіге жер жиынтығын, түскен жапырақтарды жинау, канализациялардағы қалдықтарды тазалау, жағалаудағы шөптерді кесу;
      Жедел түрге (қар жауғанда, мұздақ, қатты жел) жолға құм төсеу, қар тырмалау және сыпыру, тоғысқан жердегі, қақпадан шығатын жердегі жиналған қарды ысыру және басқа;
      Жазғы тазалау жұмыстары жүйелі түрде өтіп, сенбіліктер ұйымдастырылып тұру қажет;
      Өтетін жерлерді қысқы тазалау мерзімі қараша мен сәуір айлары аралығында жүргізіледі. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін үлкен жолдарды үнемі бақылап отыру қажет;
      Машиналар шұғыл шығуға әрдайым дайын болуға тиіс.
      11. Мұздың сынықтарын, ластанған қарды жасыл желектердің ауласына жинау, тасу, орналастыруға тыйым салынады. Тазартылған қарды арнайы белгіленген орындарға шығарады.
      12. Ғимараттар төбелеріндегі қарды, мұзды тазалау олардың иелеріне жүктеледі және сақтық шараларын алу керек.

4. Тұрғын-үйлердің ауласын тазалау және күту

      13. Тұрғын-үйлер ведомстволық бағынуына және меншік түріне қарамастан тұрмыс қалдықтары күнбе-күн ешқандай сұраусыз жоспар бойынша арнайы машинамен шығарылуы тиіс.
      14. Тұрғын-үй иелеріне өз аулаларын таза және ұқыпты ұстауға талап қою.
      15. Жақын орналасқан тұрғын-үйлер маңына тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуге қоқыс жинағыштар (контейнер) қою керек.
      16. Тұрмыс қалдықтары және қоқысты уақытша сақтайтын қоқыс жинағыш (контейнер) қоқыс төккен үй иелері қоқысты өз күшімен міндетті немесе арнауллы ұйыммен жасалған шарт бойынша уақытында шығарады. Контейнерлерді дезинфекциялауды жүзеге асырады.
      Қалдықтарды уақытша аула жинағышта сақтағанда олардың еруін және шіруін болдырмау керек. Әрбір елді-мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтардан құтылу мерзімі аудандық Санитарлық Эпидемиологиялық бөлімі мен келісіледі.
      Шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтарды, күл-қоқыстарды арнайы белгіленген жерге төгу керек.
      17. Аула әжетханасының орналасуы, шұқыр тереңдігі еске алыну қажет.
      18. Аула әжетханасының іші тазалықта күтілу керек. Күнбе-күн дезинфекциялау қажет. Аула әжетханасы мен қалдық төгетін жер үсті кеміргіштер мен жәндіктер өтпейтіндей болуы тиіс. Шыбын-шіркейге қарсы дезинфекция энтомологиялық көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі.
      19. Ауданның елді-мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру тазалықты сақтау, санитарлық тазалау, көркейту Ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады