Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 8 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 8-11-67 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28.02.2014 № 4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Аудан әкімінің Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының N 8 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы ұсынысын қарастырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-56 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған) төмендегі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1 тармақта:
      1) 7) тармақшада "алушыларға" деген сөз "отбасына" деген сөзімен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 9) тармақшасымен толықтырылсын:
      "9) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ұсынған тізімдер негізінде Ауғанстан соғысында қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің отбасыларына бір жолғы материалдық көмек.".
      2. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
      міндеттерін атқарушы,
      Мәслихат хатшысы                           А. ЖҮНІСПЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады