Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 154 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 8-14-89 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 235 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009.12.22 N 235 шешімімен.

             Қазақстан Республикасының "Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабына 2 тармағына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Салык салу объектілерінен алынатын тіркелген жиынтык салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Г. Прокоп) жүктелсін.
      3. "Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" Нұра аудандық Маслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы VI сессиясының N 97 шешімінің (әділет басқармасында 2008 жылы 13 мамырда тіркелген N 8-14-71) күші жойылсын деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Д. Баянов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Е. Туранов

2008 жылғы 24 желтоқсандағы XII сессиясының
Нұра аудандық Мәслихатының
N 154 шешімімен бекітілген
қосымша

N

Объектінің түрі

1 объектіден алынатын тіркелген жиынтық салық мөлшері (айлық есеп көрсеткіші)

1.

Ойын жүргізу үшін бір ойыншыға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы.

1

2.

Ойын жүргізу үшін бірнеше ойыншының қатысуына арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын жүргізу үшін қолданылатын компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд столы

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады