Изенді ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді селосының әкімінің 2008 жылғы 22 мамырдағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 03 маусымда N 8-14-74 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысын басшылыққа ала отырып, Изенді ауылының Строительная, Парковая, Школьная, Водопроводная, Набережная, Северная және Новая көшелерінің тұрғындарының өтініштерін қарап:
      1. Изенді ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Строительная көшесі Нағидолла Әлібеков көшесіне;
      2) Парковая көшесі Байдалы Бокаев көшесіне;
      3) Школьная көшесі Әбдікәрім Құдайбергенов көшесіне;
      4) Водопроводная көшесі Сарыарқа көшесіне;
      5) Набережная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      6) Северная көшесі Атамекен көшесіне;
      7) Новая көшесі Жерұйық.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауын өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі                                 Қ. Жар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады