Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ-сеcсиясының N 31/303 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 8/114 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қазанда N 8-17-64 тіркелді

      Аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ – сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 31/303 шешіміне (нормативтік құқықтык актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 27.10.2006 жылғы N 8-17-27 болып тіркелген), Аудандық "Заман" газетінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 45 (10.089) санында жарияланған, Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 9 шілдедегі ХХХІХ- сессиясының, Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ-сессиясының N 31/303 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 39/399 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 25.07.2007 жылғы N 8-17-49 болып тіркелген, аудандық "Заман" газетінің 2007 жылғы 2 тамыздағы N 31 (10.127) санында жарияланған), мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қағиданың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:
      "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненнттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы"
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "5 тонна" сөзі "10 тонна" сөзімен ауыстырылсын;
      32-тармақ мынандай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардың шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдық ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге бағытталған қаражаттың есебінен көрсетілген ыстық тамақпен көмектің және азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілген ақшалай немесе заттай түрдегі көмектін кұны"
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Төлеукұловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Сессия төрағасы,
      аудандық Мәслихаттың хатшысы               Р. Мақсұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады