Жосалы кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 06 қарашадағы N 76 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 15 желтоқсанда N 10-5-99 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 100 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 15.06.2017 № 100 шешімімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДА:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 26.07.2013 N 112 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жосалы кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық базалық ставкаларына түзету коэффициенттері және жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) 1, 2-қосымшаларға сәйкес бектітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 26.07.2013 N 112 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аудандық мәслихаттың кезектен


тыс 10-сессия төрағасы

Ә. Байбарақов

Аудандық мәслихат хатшысының


міндетін атқарушы

Н. Барысова


  Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
6 қазандағы кезектен тыс
10-сессиясының N 76 шешіміне
N 1 қосымша

      Сызба нұсқаны қағаз жүзінде қараңыз

  Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
6 қазандағы кезектен тыс
10-сессиясының N 76 шешіміне
N 2 қосымша

Салықтың базалық ставкасына түзету коэффициенттері

Салық салу мақсатындағы аймақ нөмірі

Салықтың базалық ставкасына түзету коэффициенттері

І

1,5

ІІ

1,2

ІІІ

1,0

IV

0,7

V

1,5

Аймақтық шекараларының сипаттамасы

Бағалау аймақтарының нөмірі

Аймақ шекаралары және жер-кадастр кварталдарының нөмірі

Аймақ көлемі

І

Аймақтың солтүстігі Сейітжан Ахун көшесінен басталып шығысқа қарай Мүсірбаев көшесімен жалғасып Томанов көшесінен төменге қарай М.Шоқай көшесіне түсіп Момышұлы көшесінің бойымен Мұратбаев көшесімен шектеседі. Әрі қарай Мұратбаев пен Көмекбаев көшесінің қиылысынан солтүстікке қарай Ораз Ахун көшесіне түсіп батысқа қарай Тоғанас батыр көшесінің бойымен Өмірбаев көшесінен шығысқа қарай бұрылып Көмекбаев көшесіне дейін, әрі қарай Мүсірбаев көшесінің бойымен темір жолға түсіп Ишанов көшесімен солтүстікке қарай Ауэзов пен Сейтжан Ахун көшесінің қиылысымен тұйықталады.

(001,002,003 кварталдары)

284,02 гектар

ІІ

Бұл бөлікте аймақ шекарасын Амангелді көшесімен бастап шығысқа қарай Ораз Ахун көшесіне түсіп және темір жолдың бойымен төменге қарай Тоқтаров көшесіне түседі, әрі қарай Момышұлы көшесімен Мырзагалиев көшесіне түсіп Амангелді көшесімен Сырдария өзенінің бойымен Жағалау көшесімен Қармақшы кентінің батыс жағы Төребай би көшесі аумағын қамтиды. Төребай би, Әлібай Ахун көшелерінің алдыңғы жағын бойлай Железнодорожный көшесінің бас жағымен солтүстігі темір жолмен төменге қарай Мүсірбаев көшесінің бойымен Көмекбаев көшесінің солтүстік бағытына қарай бір кварталдан кейін Өміров көшесіне түсіп оңтүстікке қарай Тоғанас батыр көшесін бойлай Ораз Ахун тұйығымен бір квартал шығысқа қарай бойлап, Ғ.Мұратбаев көшесіне түсіп Момышұлы көшесімен қиылысып, шығыс бөлігінен Амангелді көшесін бойлай, солтүстік шығысына Ораз Ахун көшесімен темір жолмен Тоқтаров көшесінің қиылысына шектеседі.

(001,002 кварталдары)

312,9 гектар

ІІІ

Аймақ шекарасы шығыс жағында орналасқан Шумилов көшесінен каналдың бойымен оңтүстікке қарай Жаназаров көшесі, әрі қарай Қазан көшесінің бойымен М.Шоқай көшесіне түседі. Шоқай көшесі мен Әбдікешов көшесінің қиылысынан оңтүстікке қарай Томанов көшесіне түседі. Әрі қарай Мүсірбаев көшесінің бойымен Сейітжан Ахун көшесі, Ауэзов көшесімен қиылысып Ишанов көшесіне түседі. Әрі қарай, оңтүстік батысқа қарай Сейітжан Ахун, Жастар көшелерінің аяқ жағымен солтүстікке қарай каналдың бойымен Мүсірбаев көшесі және Ауэзов көшесінің қиылысымен Солтүстік шығысқа қарай Шумилов көшесімен аймақ шектеседі.

(003,004 кварталдары)

117,6 гектар

IV

Аймақ шекарасы солтүстік жағында орналасқан Шумилов көшесінің бойымен Байтереков көшесінде орналасқан каналдың бойымен төменге қарай темір жолға дейін шектеседі, темір жолдың бойымен Жосалы кентінің шекарасының бойыменен солтүстікке қарай және батысқа қарай бұрылып аймақ шекарасын аяқтайды.(004 квартал)

207,37 гектар

V

Аймақ шекарасы Жосалы кенті шегінің солтүстік бөлігі каналмен және солтүстік батыс бөлігінде өндірістік база шоғырланған.

(002,003 кварталдары)

178,5 гектар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады