Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 100 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шлдеде № 5900 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 179 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 10.07.2018 № 179 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен Жосалы кенті бойынша жер салығының мөлшерлемелері 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.

      2. Қармақшы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жосалы кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 қарашадағы № 76 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-5-99 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған);

      2) "Жосалы кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 қарашадағы №76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 тамыздағы № 112 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4503 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2013 жылғы 05 қазанда жарияланған).

      3. Осы шешім, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезекті 12-сессиясының төрағасы
А.Қаржаубаев
      Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы: М.Наятұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ.Сүлейменов ________________
"15" маусым 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады