Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 желтоқсанда N 10-6-112 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 17-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 17-2 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына сәйкес және Жалағаш ауданы бойынша Салық басқармасы ұсынған деректер негізінде, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама объектілерін елді
мекендерде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерін бекіту
туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 4-7 шешімі
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N  10-6-80 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған);
      2) "Аудан бойынша жер салығының белгіленген базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 4-9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-82 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған);
      3) "Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 4-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-83 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХІІІ-сессиясының төрағасы                         Б. Пирмаханов

      Аудандық мәслихат хатшысы                         К. Сүлейменов

2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-7
аудандық мәслихаттың шешіміне
қосымша

Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларының
МӨЛШЕРІ     

N Салық салу объектісінің атау Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш-АЕК)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1 АЕК

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1 АЕК

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

1 АЕК

4.

Ойын жолы (боулинг (кегельбан)

5 АЕК

5.

Карт (картинг)

2 АЕК

6.

Бильярд үстелі

3 АЕК

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады