Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 4 маусымдағы № 103 шешімі және Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 9 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 маусымда № 3642 тіркелді 

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолар", "селолық", "селосы", "селолардың", "селосының", "селолары" деген сөздер тиісінше "ауылдар", "ауылдық", "ауылы", "ауылдардың", ауылының", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына, 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қостанай облысының Қостанай қаласы мен Қостанай ауданы әкімшілік шекараларының өзгерістері туралы" 2008 жылғы 31 мамырдағы № 533 қаулысына және Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасы туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғындар саны 50-ден кем мынадай ауылдар таратылсын және Қостанай облысының есептік деректерінен алынып тасталсын:
      Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Қарақұдық ауылы,
      Науырзым ауданы Өлеңді ауылдық округінің Қарақұдық ауылы,
      Науырзым ауданы Науырзым ауылдық округінің Октябрь ауылы,
      Науырзым ауданы Науырзым ауылдық округінің Сарышығанақ ауылы,
      Науырзым ауданы Өлеңді ауылдық округінің Урожайное ауылы,
      Науырзым ауданы Өлеңді ауылдық округінің Шолаққопа ауылы,
      Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің Дружба ауылы,
      Федоров ауданы Жаркөл ауылдық округінің Целинное ауылы.
      2. Таратылған ауылдық елді мекендер мына ауылдардың құрамына енгізілсін:
      Қарақұдық ауылы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің Дәмді ауылының құрамына,
      Қарақұдық ауылы Науырзым ауданы Өлеңді ауылдық округінің Өлеңді ауылының құрамына,
      Октябрь ауылы Науырзым ауданы Науырзым ауылдық округінің Қожа ауылының құрамына,
      Сарышығанақ ауылы Науырзым ауданы Науырзым ауылдық округінің Қожа ауылының құрамына,
      Урожайное ауылы Науырзым ауданы Өлеңді ауылдық округінің Өлеңді ауылының құрамына,
      Шолаққопа ауылы Науырзым ауданы Өлеңді ауылдық округінің Өлеңді ауылының құрамына,
      Дружба ауылы Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің Первомай ауылының құрамына,
      Целинное ауылы Федоров ауданы Жаркөл ауылдық округінің Владкино ауылының құрамына.
      3. Науырзым ауданының Дәмді ауылдық округі Дәмді ауылы;
      Науырзым ауданының Өлеңді ауылдық округі Өлеңді ауылы болып қайта құрылсын.
      4. Қостанай облысының есептік деректерінен мынадай ауылдар алынып тасталсын:
      Қостанай қаласының құрамына енгізілген Қостанай ауданы Дружба ауылдық округінің Дружба, Қонай, Ударник ауылдары;
      Ресей Федерациясының құрамына берілген Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің Огнеупорное ауылы.
      5. Қостанай ауданының Дружба ауылдық округі Жданов ауылдық округі болып қайта аталсын. Жданов ауылдық округінің орталығы Жданов ауылы болып айқындалып, округ құрамына Жданов, Аққабақ, Васильев, Киров, Семилетка ауылдары енгізілсін.
      6. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Кезектен тыс сессияның                  Қостанай облысының
      төрағасы, Қостанай облыстық             әкімі
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады