Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 160 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 ақпанда № 9-10-88 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 319 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 03.10.2016 № 319 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, "2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерге мынадай әлеуметтік көмектің қосымша түрлері:
      1) мүгедек балалардың компьютерлік томографын тексеруге байланысты шығындар орынын толтыруға есеп айыратын құжаттар негізінде тексеру құнына жүз пайыз мөлшерінде;
      2) операция жасауға 15000 теңге сомасына дейін;
      3) Қостанай облысы жоғары және орта кәсіби оқу орындарында оқуына мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек-балаларға оқудың бір жылдық құны мөлшерінде;
      4) 1 және 2 топтағы көз кемістігі бойынша мүгедектердің жүріп-тұруына 2100 теңге мөлшерінде бір жолғы;
      5) бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларды қорғау Күніне мүгедек балаларға көрсетілсін.
      2. Аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылғандай қаражат шегінде әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне қарамастан жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік көмектің әрбір түрі тағайындалады және төленеді.
      3. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті органы болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      4. Төлем екінші деңгейлі банктегі алушылардың жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
      6. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-65, 2007 жылғы 9 ақпандағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 2 әкімдік қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
      7. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
      Жітіқара
      ауданының әкімі А. Әбенов

      КЕЛІСІЛГЕН
      "Жітіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________________ И. Григорьева
      "Жітіқара ауданының бюджетті
      жоспарлау және экономика бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады