Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2008 жылғы 11 тамыздағы N 209/7 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 25 тамызда N 3121 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнiң 449-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған VII кезектен тыс сессиясы) 2008 жылғы 1 шілдедегі "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған III сессиясы) 2007 жылғы 14 желтоқсандағы "2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 36/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 110/7 шешіміне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Бюджеттік кредиттерді берудің мынадай шарттары анықталсын:
      беру мақсаты - басымдықты бағыттар бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қаржыландыру үшін;
      кредит мөлшері - 172,0 млн.теңге;
      кредит валютасы - теңге;
      қысқа мерзімді кредитті берудің шектеулі мерзімі - 1 жылға дейін, өтеу мерзімі - 2009 жылғы 1 наурызға дейін, орта мерзімді кредит беру - 5 жылға дейін, негізгі қарыз бойынша жеңілдікті өтеу кезеңімен - 20 ай.
      кредитті игеру кезеңі - 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
      соңғы қарыз алушы үшін қысқа мерзімді кредит бойынша сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 11,44 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджеттік қаражатты кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына - 6,4 %, орта мерзімді кредит бойынша сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 11,88 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджеттік қаражатты кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына - 6,47 %;

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.З. Бочинге жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Қ. Нұрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады