Лебяжі ауданының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімиятының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 37 шешімі. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 84 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің 2009.12.31 N 83 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің 2009.12.31 N 83 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 - II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"Заңының 33 бабы 13 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндет және әскери қызмет туралы" N 74-III Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1992 жылы туған азаматтарды Лебяжi ауданының шақыру учаскесiне тiзiмге алу кестеге сәйкес жүргiзiлсiн (N 1 қосымша).
      2. Лебяжi ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын 1992 жылы туған барлық азаматтар, сондай-ақ бұрын тiзiмге алынбаған ересектер тiзiмге алынсын.
      3. Мекемелердiң, ұйымдардың, оқу орындарының басшылары Лебяжi ауданының шақыру учаскесiне тiзiмге алынатын азаматтардың уақтылы келуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Аудандық аурухананың бас дәрiгерi (келiсiм бойынша):
      N 2 қосымшаның кестесiне сәйкес зертханалық және рентгенологиялық тексерудi қамтамасыз етсiн;
      ауданның емдеу мекемелерiне қосымша тексерiлуге бағытталған азаматтарды қысқа мерзiм iшiнде тексеруден өткiзсiн;
      анықталған сырқат жастарды емдеу - алдын алу мекемелерiне бекiтсiн, мерзiмдi әскери қызметке шақыруға дейiн олардың сауықтырылуын қамтамасыз етсiн;
      Лебяжi ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне селолық дәрiгерлiк амбулаториялардың аға дәрiгерлерiнiң келуiн және амбулаториялық кiтапшаларын ұсынуын қамтамасыз етсiн.
      5. Селолық дәрiгерлiк амбулаторияның аға дәрiгерлерi тiзiмге алу басталуымен жастар арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырсын және емделудi қажет ететiн жастарды жасөспiрiмдер кабинеттерiне жеке есепке алсын.
      6. Селолық округ әкiмдерi шақыру учаскелерiне шақырушыларды уақытында жеткiзудi және ақпараттандыруды дербес бақылауға алсын, олардың ауданның тiзiмге алу жөнiнде комиссиясының тексеруiнен өтуiн ұйымдастырсын, селолық округ әкiмдерiнiң аппаратындағы мамандарға жастармен бiрге бару тапсырылсын.
      7. Аудандық iшкi iстер бөлiмi (келiсiм бойынша) азаматтарды тiзiмге алу кезiнде шақыру пунктiнде кезекшiлiктi ұйымдастырсын және 1 адамнан құралған жасақ бөлінсiн.
      8. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi 2009 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейiн тiзiмге алу кезеңiнде жұмыссыздар қатарынан 4 адамнан тұратын техникалық персонал бөлінсiн.
      9. Ауданның экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi тiзiмге алуды ұйымдастыру және сапалы өткiзу үшiн қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржының бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
      10. Нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеуiндегi тiзiлiмiнде 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 12-9-66 болып тiркелген, 2008 жылғы 16 ақпанда аудандық "Аққу үнi" газетiнiң N 7 (7245) санында жарияланған аудан әкiмiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы "1991 жылы туған азаматтарды Лебяжi ауданының шақыру учаскесiне тiзiмге алуды жүргiзу туралы" N 14 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      11. Бұл шешiм ресми жарияланғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
      12. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi                                С. Әпсалықов

      Келiсiлдi:

      Аудандық iшкi iстер
      бөлiмiнiң бастығы                          А. Құдайбергенов
                                              18 желтоқсан 2008 жыл

      Аудандық бiлiм бөлiмi
      бастығының мiндетiн атқарушы               Д. Кобайдарова
                                             18 желтоқсан 2008 жыл

      Қорғаныс iстер жөнiндегi
      бөлiмінiң бастығы, майор                   Н. Науразбеков
                                             18 желтоқсан 2008 жыл

      Аудандық аурухананың
      бас дәрiгерi                               А. Сыздықов
                                            18 желтоқсан 2008 жыл

Аудан әкiмдiгiнiң
2008 жылғы желтоқсандағы
"Лебяжi ауданының шақыру
учаскесiнде 1992 жылы туған
азаматтарды тiзiмге алуды
жүргiзу туралы" N 37 шешiмiне
1 қосымша

2009 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейiн Лебяжi
ауданының шақыру учаскесiне тiзiмге алынатын 1992 жылы
туған азаматтардың келуі, тiзiмге алынуы жөнiндегi
комиссияның жұмыс кестесi

N р/н

Селолық округтерiнiң атаулары

азаматтардың саны

Шақыру учаскелерiне келу мерзiмi

19.
01
200
9 ж

20.
01
200
9ж.

21.
01.
2009
ж

22.
01.
200
9 ж

23.
01.
2009
ж

26.01.
200
9 ж

27.01.
200

28.
01.
200

29.
01.
200

30.
01.
200
9

28.
01.
200

1

Лебяжi

32

30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Шақа

16

 

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Майқарағай

21

 

 

21

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Малыбай

13

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

5

Қазы

5

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

6

Баймолдин

6

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

7

Ямышев

21

 

 

 

 

 

 

21

 

 

 

 

8

Қызыләскер

25

 

 

 

 

 

 

 

25

 

 

 

9

Жамбыл

12

 

 

 

 

 

 

 

 

12

 

 

10

Шарбақты

23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

 

11

Қызылағаш

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

Барлығы:

181

30

16

21

13

5

6

21

25

12

23

9

Аудан әкiмдiгiнiң
2008 жылғы желтоқсандағы
"Лебяжi ауданының шақыру
учаскесiнде 1992 жылы туған
азаматтарды тiзiмге алуды
жүргiзу туралы" N 37 шешiмiне
2 қосымша

2009 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейiн
Лебяжi ауданының шақыру учаскесiне тiзiмге алынатын
1992 жылы туған азаматтарды зертханалық және
рентгенологиялық тексеруден өткiзудiң кестесi

N р/н

Селолық округтерiнiң атаулары

азаматтардың саны

Зертханалық және рентгенологиялық тексеруден өткiзудiң мерзiмi

19.
01.
200

20.
01.
200
9ж.

21.
01.
200

22.
01.
200

23.
01.
200

26.
01.
2009
ж

27.
01.
200

28.
01.
2009
ж

29.
01.
2009
ж

30.
01.
200
9

28.
01.
200

1

Лебяжi

32

30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Шақа

16

 

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Майқарағай

21

 

 

21

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Малыбай

13

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

5

Қазы

5

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

6

Восточный

6

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

7

Ямышев

21

 

 

 

 

 

 

21

 

 

 

 

8

Қызыләскер

25

 

 

 

 

 

 

 

25

 

 

 

9

Жамбыл

12

 

 

 

 

 

 

 

 

12

 

 

10

Шарбақты

23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

 

11

Қызылағаш

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

Барлығы:

181

30

16

21

13

5

6

21

25

12

23

9

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады