Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы Лебяжі ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 83 шешімі. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қаңтарда N 12-9-102 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені  бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған және бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды Лебяжі ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейінгі аралығында қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудан әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы "Лебяжі ауданының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу туралы" N 37 (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде 2009 жылғы 19 қаңтарда N 12-9-84 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 ақпанда аудандық "Аққу үні" газетінің N 11 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Бұл шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қорғаныс істер жөніндегі
      бөлімінің бастығы
      2009 жылғы 7 желтоқсан                     Н. Науразбеков

Аудан әкімдігінің   
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
N 325/12 қаулысына   
1-қосымша       

2010 жылғы қаңтар айынан наурыз айына дейін Лебяжі ауданының шақыру учаскесінде тізімге алуға жататын 1993 жылы туған
азаматтардың келу және оларды тізімге алу жөніндегі
комиссияның жұмыс КЕСТЕСІ

N п/п

Селолық округтердің атаулары

азамат-тар саны

Шақыру учаскесіне келу мерзімі

18.01.2010 ж.

19.01.2010 ж.

20.01.2010 ж.

21.01.2010 ж.

22.01.2010 ж.

1

Лебяжі

28

28





2

Шақа

6


6




3

Майқарағай

5


5




4

Малыбай

10


10




5

Қазы

6


6




6

Баймолдин

4



4



7

Ямышев

9



23



8

Қызыләскер

29




29


9

Жамбыл

16





16

10

Шарбақты

13





13

11

Қызылағаш

9



9




Барлығы :

135

28

27

36

29

29

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады