Байланыс формасы

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға төлем мөлшері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттың 2008 жылғы 26 маусымдағы N 8/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті 2008 жылғы 22 шілдедегі N 1681 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 24/10 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010.04.26 N 24/10 Шешімімен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15-тармағының, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабы 2-тармағының, "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Қазақстан Республикасы Заңының, "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 қаулысының негізінде, облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы қоғамдық пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлінген жолақтарда сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға төлемнің теңгерімдік мөлшері қосымшаға сай бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш жарияланған күннен 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
     ҮІІІ сессиясының төрағасы                   А. Курленя

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Қ. Едіресов

Облыстық мәслихаттың
2008 жылғы 26  маусымдағы
N 8/4 шешіміне қосымша

Облыстық маңызы бар қоғамдық пайдаланудағы автомобиль
жолдарына бөлінген жолақтарда (елді мекендер аумағынан басқа)
сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыруға ай сайынғы
төлемнің мөлшері

р/н

Жарнама объектілері(жерге қойылған,
қабырғаға ілінген, қоршауларда, шатырларға орналастырылған және т.б.)

Төлем мөлшері
(айлық есепайыры-су көрсеткіштері)

1

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен ақпарат 2 шаршы метрге дейін

0,5

2

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен ақпарат 2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін

1

3

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен ақпарат 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін

2

4

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен ақпарат 10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін

6

5

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен ақпарат 20 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін

10

6

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен ақпарат 50 шаршы метрден астам

15

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады