Ауылдық елді мекенде тұрып және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйым мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек өтемақысын төлеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 наурыздағы N 7/13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 13-8-74 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 43/4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011.12.22 N 43/4 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексіне, «Агроөндірістік кешендер мен ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекенде тұрып және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйым мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек өтемақысы төленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                            Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                         хатшысы
      А. Рамазанов                                 А. Молдахметова

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 20 наурыздағы
№ 7/13 шешіміне қосымша

Ауылдық елді мекендерде тұрып, жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек төлеу тәртібі туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіп жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұрып, жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек төлеу тәртібін реттейді.
      2. Тәртіпті қабылдау үшін құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі» Кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешеннің және селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 04 маусымдағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңы табылады.

2. Өтемақыны төлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      3. 451-004 «Ауылдық елді мекендерде тұрып, жұмыс істейтін  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек төлеу тәртібі туралы» бағдарламасының әкімшісі болып «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталсын.

3. Үшін әлеуметтік көмекті төлеу көлемі мен тәртібі

      4. Әлеуметтік көмек төленімі жылыту маусымына бір рет ақшалай беріледі.
      5. Алушылардан құжаттардың толық пакеті түскеннен кейін тиісті органның сілтеме хатымен, осы мекеме құжаттардың толық пакетінің толықтығы мен нақтылығына жауапты болады, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі істерді қалыптастырып, алушылардың тізімдерін екінші деңгейдегі банктерге жібереді.
      Әлеуметтік көмек көрсетілуден бас тартуға негіз болып келесі мәселелер табылады: біле тұра жалған мәліметтерді беру, құжаттарда расталмаған мәліметтерді беру немесе бермеу. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кінәлі тұлғалар есебінен заңсыз төленген қаражат қайтарылады. Әлеуметтік көмекті алушы «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту жәнне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды береді:
      1. Өтініш
      2. Жеке куәліктің көшірмесі
      3. Мекен жайынан анықтама (Үй кітабының көшірмесі)
      4. Жұмыс орнынан анықтама
      5. СТН көшірмесі

4. Өтемақыны төлеуді қаржыландыру

      6. Ауылдық елді мекендерде тұрып, жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек төлеу төлеу бойынша шығындарды қаржыландыру 451-004 «Ауылдық елді мекендерде тұрып, жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек төлеу тәртібі» осы мақсатқа аудандық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде жүргізіледі.

5. Төлемақыны жүзеге асыруды бақылау

      7. Әлеуметтік көмекті көрсетуді бақылау және есеп беру қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады