"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы келетін отбасылардан өтінімдерді қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2008 жылғы қаңтардағы N 14 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 3 наурызда N 13-11-93 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 342 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің 2009.09.21 N 342 Қаулысымен

      «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бір үлгідегі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі»  Мемлекеттік мекемесімен балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы келетін отбасылардан өтінімдерді қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзімі өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Маковский

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
22 қаңтардағы № 14
қаулысымен бекітілді

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы келетін отбасылардан өтінімдерді қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ереже

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы:
      балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы келетін отбасылардан өтінімдерді қабылдау
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. Нормативтік құқықтық кесімнің атауы, бап (тармақ) және тармақтың мазмұны (заңнамалық кесім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі ),  олар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 «Патронат туралы Ереженің» 3 бөлімі 11 тармағы 1 тармақшасы   «Тұлғаның патронаттық тәрбиеші болғысы келетіндігі туралы өтініші»
      4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның атауы:
      Мемлекеттік мекеме: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі»
      5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):
      Баланы тәрбиесіне алғысы келетіндігін білдірген тұлға (патронаттық тәрбиеші) мен қамқорлық және қамқоршылық органы арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге табыстау туралы шарт
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:
      патронаттық тәрбиеші болғысы келетін тұлғалар
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      15 күнге дейін
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты: 30 минутқа дейін
      3)қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты: 3 күнге дейін
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету: балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы келетін отбасылардан өтінімдерді қабылдау тегін жүргізіледі
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті орналастыру орындары:
      балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы келетін отбасылардан өтінімдерді қабылдау мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты  «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стендте орналасқан.
      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесі:
      дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін,
      түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетудің шарттары мен орындары:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:
      1) тұлғаның патронаттық тәрбиеші болғысы келетіндігі туралы өтініші;
      2) баланың патронаттық тәрбиешісі болғысы келетін тұлға некеде тұрса, зайыбының келісімі;
      3) патронаттық тәрбиеші болғысы келетін зайыбының жағдайы туралы анықтама;
      4) патронаттық тәрбиеші болғысы келетін тұлғаның денсаулығы туралы анықтама;
      5) Баланы тәрбиелеуге үміттенгеннің баланың өмір сүруіне туғызып отырған қолайлы жағдайларды зерттеу кесімі;
      6) патронаттық тәрбиешіге табыс етілген баланың өмір сүруіне туғызып отырған қолайлы жағдайларды зерттеу кесімі.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орны (өтініш формалары және т.б.):
      Бланктар «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайы мен кабинет нөмірі:
      Қажетті құжаттардың толық пакетімен өтініш Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206 мекен-жайы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыралады.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрі:
      өтініштің үзінді талоны
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетулер нәтижесін жеткізу тәсілдері:
      Шарт «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу кезінде беріледі.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту ушін себеп болған негіздердің толық тізбесі:
      1) сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген тұлғалар;
      2) сотпен ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе сотпен ата-аналық құқықтары шектелген тұлғалар;
      3) заңмен жүктелген міндеттерді дұрыс орындамағаны үшін қамқоршылық міндеттерінен шеттетілгендер;
      4) Өз кінәлары бойынша бала асырап алуы жойылған бұрынғы бала асырап алушылар;
      5) денсаулығының жағдайы бойынша Баланы тәрбиелеу міндеттерін іске асыра алмайтын тұлғалар.

3. Жұмыс принціпі

      18. Мемлекеттік орган басшылыққа алған жұмыс принціпі:
      Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануга арызданған азаматтар:
      1) қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат алуға;
      2) сыпайылыққа, жауапкершілік пен кәсібилікке;
      3) белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қоса берілетін бланктарды тегін алуға;
      4) қабылданған шешімі туралы хабарлама алуға арқа сүйей алады, хабарлама беруден бас тартылған жағдайда оның себептері көрсетілетін болады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушідігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібі:
      Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы білім бөлімі бастығының кабинетінде іске асырылады.
      22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы, электрондық пошта мекен-жайы немесе лауазымды тұлғаның кабинет нөмірі:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы.
      23. Қабылданылған арызды растайтын құжат:
      Үзінді талон.

6. Байланыс ақпарат

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтері :
      «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі - Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206, электрондық пошта мекен жайы:
      trmk @ rambler.ru
      Мекеме бастығы, телефон 2-16-94, № 1 кабинет;
      Бастықтың орынбасары, телефон 22-0-75, № 2 кабинет;
      Солтүстік Қазақстан облысының білім Департаменті, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58.

Балаларды патронаттық тәрбиеге алғысы
келетін отбасылардан өтінімдерді қабылдау
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік
көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тердің нормативтік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіш-
тердің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылдағы көрсеткіш-
тердің ағымдағы магынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімге қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

100

100


1.2. Кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

100

100


2. Сапа

2.1. Қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


2.2. Лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс рәсімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100


3. Қол жеткізушілік

3.1. Қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


3.2. Тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

100

100


3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)

100

100


4. Шағымдану үрдісі

4.1. Іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

100

100


4.2. Белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

100

100


4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


5. Сыпайылық

5.1. Персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады