Мүгедектерге жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 110 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 мамырда N 13-11-105 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 42 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009.02.11 N 42 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Ережелерін бекіту туралы» 22.10.2005 жылғы № 241 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
      2. Тайынша ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы «Мүгедектерге жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы» № 2 қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.И.Турковқа жүктелсін.
      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                           М. Баймағамбетов

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 26 наурыздағы
№ 110 қаулысына қосымша

Тайынша ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы

Мекеменің атауы

Жұмыс орындар саны

Мүгедектер
үшін жұмыс орындар саны

1.

«Баско» ЖШС

220

2

2.

Аудандық білім бөлімі

101

2

3.

«Эксимнан» ЖШС

192

1

4.

«Вишневка» ЖШС

269

1

5.

«Тайынша-Астық» ЖШС

373

1

6.

«Племзавод Алабота» ЖШС

251

1


Барлығы


8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады