Мақсатты топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 9 шілдедегі N 312 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 тамызда N 13-11-129 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 200 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.02.28 N 200 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Аудан әкімдігі жұмыспен қамту саласындағы қосымша мемлекеттік кепілмен қамтамасыздандыру және аудандағы нарық жағдайы есебімен
жұмыспен қамту саясатының өткізілуі мақсатында «Халықты жұмыспен
қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)14) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі бекітілсін:
      1) 24 жасқа дейінгі жастар.
      2) 50 жастан жоғары жастағы тұлғалар
      3) 1 жылдан астам жұмыс істемейтін тұлғалар.
      2. Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне уақытында мақсатты топтарға жататын қосымша
тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша көмек
көрсету шарасымен қамтамасыз етсін.
      3. Нақты қаулының орындалуына қадағалау аудан әкімінің орынбасары И.И. Турковқа жүктелсін.
      4. Аудан әкімдігінің нақты қаулысы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                      А. Маковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады