Көше атын беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна селолық округі әкімінің 2008 жылғы 13 қарашадағы N 45 шешімі. Жылыой аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 желтоқсанда N 4-2-103 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Қара арна селолық округі әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна селолық округі әкімінің 10.12.2010 № 30 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14 бабынның 4 тармағына және Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Иманғали Қылышовтың есімін есте қалдыру мақсатында Аудандық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 3 наурыздағы N 3 қорытындысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шоқпартоғай селосының А.Әбілхайыров үйі мен Т.Жаконов үйінің аралығындағы көшеге Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Иманғали Қылышовтың есімін берілсін.
      2. Иманғали Қылышов есімі берілген көше тұрғындарына көшені ауылдағы үлгілі көшеге айналдыру, көше тәртібі мен тазалығын сақтау ұсынылсын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Село әкімі Е. Елеусінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады