Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық әкімиятының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 259 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 6 ақпанда N 4-6-76 тіркелді. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 38 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2010.02.26 N 38 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148–II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 3, 13, 14 тармақшаларын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен       қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық жұмыспен қамту   және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды          ұйымдастыру мен қаржыландыруды реттеу мақсатында аудан әкімияты      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар       бөліміне (Қ. Иманғалиев) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен          қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес жүргізу міндеттелсін.

      2. Қосымшаларға сәйкес:
      ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері (1 қосымша);
      қоғамдық жұмыстарды беруші ұйымдардың тізбесі (2 қосымша);
      қоғамдық жұмыстың нақты шарттары (3 қосымша);
      ақылы қоғамдық жұмыста жүрген бір жұмыссыз адамның еңбек        ақысының есебі (4 қосымша) бекітілсін.
      3. Аудандық әкімияттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 287      "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы" (мемлекеттік тіркеу N 4-6-63 "Дендер" N 3 /7634/ газетінде 2008 жылдың 18 қаңтарында жарияланған), 2008 жылғы 26 ақпандағы N 51 "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы N 287 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу    N 4-6-67 "Дендер" 15 /7646/ газетінде 2008 жылдың 11 сәуірінде жарияланған), аудандық әкімияттың 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 76 "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің    қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы N 287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу 4-6-68 "Дендер" N 19 /7650/ газетінде 2008 жылдың 8 мамырында жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Меңдігереевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі               Ә. Нәутиев

                              Аудан әкімиятының    
                        2008 жылғы 29 желтоқсандағы
                                    N 259 қаулысына 1 қосымша 

                         Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері

N

Жұмыс түрлерінің атауы

Ең төмен жалақы есебімен
алғандағы
жұмыссыздардың
еңбекақысы

1

Құрылыс және жол жөндеу, су, газ, құбырларын жөндеуге қатысу

1,0

2

Құрылысқа қатысу және тұрғын үй, әлеуметтік
- мәдени маңызы бар объектілерді күрделі
жөндеуден өткізуге қатысу

1,0

3

Аймақтарды экологиялық сауықтыру
(көгалдандыру және көркейту)

1,0

4

Тұрғын үй шаруашылықтарына қаланы, елді
мекендерді, өндірістік мекемелерді жинап,
тазалық жұмыстарына көмектесу

1,0

5

Суару жұмыстары

1,0

6

Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді және
қорықтарды қалпына келтіру

1,0

7

Мәдени шараларды өткізуге көмектесу (спорттық жарыстар)

1,0

8

Республикалық және аймақтық санақ жұмыстарына қатысу

1,0

9

Қысқа маусымдық жұмыстар: малды семірту,
өсіру, шөп дайындау, құс өсіруге қатысу

1,0

10

Тағы басқа жұмыс түрлері, соның ішінде:
Мәдени қызметкерлер
Агенттер
Шабармандық жұмыстар
Электронды есептегіш машинасының операторы
Еден жуушылар
Іс жүргізуші
Газет таратушылар
Әскери комиссариатта санақ жүргізу жұмыстары

1,0

11

Арнайы педагогикалық білімі бар жұмыссыздарға
арналған:
1.мектепте оқушы балаларға арналған қолөнер,
би, ән, домбыра үйірмелерін ұйымдастыру
2. кітапханада ескі кітаптарға өңдеу жүргізу
3. оқушы балаларға кітапханада жұмыс жасауға       үйрету
4. гардеробта киім күту
5. сабағы нашар балалармен жұмыс жасауға
6. мектеп жанынан ұзартылған топ ұйымдастыру
7. бала-бақшасындағы тәрбиешіге көмектесу

1,0

12

Медициналық білімі бар жұмыссыздарға арналған:
1. Десаулығына байланысты есепте тұрған         азаматтарға, әсіресе жалғызбасты қарт
адамдардың денсаулығына қадағалау жүргізу
2. Емхана жанындағы учаскелік мейірбикелік
көмек
көрсету, маусымдық инфекциялық аурулардың
өршіген кезінде (тұмау, іш ауру, сүзек, т.б)
үй-үйді аралап, медициналық көмектер көрсету,
аурудан сақтанудың профилактикалық ақпараттық   жұмыстарын жүргізу
3. Ауруханаларда санитарлық жұмыстарға қатысу
4. Ауданнан алыста тұратын елді мекендерде
медициналық бөлім жанынан үйден егу, дәрі беру

1,0

13

Селолық округтарда жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Санақ жұмыстары, мал санағын жүргізу,
профилактикалық инфекциялық мал ауруларына  
қарсы егу жұмыстары
2. Жалғызбасты қарттарға отын түсіру, мал
азығын дайындауға көмектесу, шөп шабу
3. Селолық пошта бөлімшесіне көмек
4. Тас басу
5. Учаскелік комиссиялардың мүшелеріне қосымша  адамдар қосып, жұмысын жандандыру
6. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне   жөндеу жұмыстарын жүргізу

1,0

 Аудан әкімиятының       
2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 259
       қаулысына 2 қосымша     

            Қоғамдық жұмыстарды беруші ұйымдардың тізбесі

1. Индербор поселкелік округі әкімінің аппараты
2. Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты
3. Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты
4. Көктоғай селолық округі әкімінің аппараты
5. Өрлік селолық округі әкімінің аппараты
6. Есбол селолық округі әкімінің аппараты
7. Елтай селолық округі әкімінің аппараты
8. "Индер-водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
9. Аудан әкімінің аппараты
10. Аудандық мәслихат аппараты
11. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
12. М.Әуезов атындағы орта мектеп
13. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
14. С.Сейфуллин атындағы орта мектеп
15. "Көктем" қазақ орта мектебі
16. Аудандық қаржы бөлімі
17. "Келбет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
18. Тілек білдірген жұмыс беруші шағын орта кәсіпкерлік субъектілері,
басқа да ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер

 Аудан әкімиятының      
2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 259
       қаулысына 3 қосымша     

                   Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары

       1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкерлердің
алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты
бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар
орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп
түсініледі.

      2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдерді қолданылады.

      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.

      4. Жергілікті атқарушы органдар аймақтық қажеттілігін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайды. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады және жергілікті бюджеттер қаржыларынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.

      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыс берушілермен 1 айдан 6 айға дейін мерзімге қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға келісім–шарт жасасады. Кейбір жағдайларда, жұмыссыздық әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 1 жылға дейін ұзартуға болады.

      6. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:
      1) жұмыссыздарға әдейі арналған;
      2) жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды.
      3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
      4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
      5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.

      7. Конкурсқа қатысушы өзінің конкурстық өтінімінде алдын ала кәсіби даярлықты талап етпейтін жұмыстардың көлемін (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар санын міндетті түрде көрсетеді.

      8. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен шарт жасасқан кезде шартта қоғамдық жұмыстардың құнын жеке жолға жазып көрсетеді.

      9. Конкурсты ұйымдастырушы шартты тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумағында жұмыстар орындалатын облыстың (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органына қоғамдық жұмыстардың құнын, қоғамдық жұмыстарға жатқызылған жұмыстардың тізбесін және жасалған шарттар туралы хабарлайды.

      10. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен, өзінде ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органдарға өтінім береді.

      11. Жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған ең төменгі еңбекақының 1,0 еселенген мөлшерінде, орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.

      12. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады және қамту уәкілетті органдарының тапсырысына сәйкес жұмыссыздық жеке шотына аударылады.

      13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

      14. Жұмыс беруші:
      1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;
      2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге;
      3) уәәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
      4) мүгедектер үшiн жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;
      5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.

      15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.

      16. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.

      17. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.

      18. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.

      19. Уәкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
      1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда;
      2) уәкілетті орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
      3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмегенде;
      4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқанда;
      5) жұмыссыздар уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
      6) тұрғылықты жері өзгергенде;
      7) жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
      8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда не сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.

      20. 19 тармақтың 1) – 6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң ғана уәкілетті органға қайтадан тіркеле алады.

      21. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.

      22. Ақылы қоғамдық жұмыста жүрген азаматқа жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қосымша ақы төлей алады.

      23. Ақылы қоғамдық жұмысқа материалдық жауапкершілігі бар жұмыстар жатпайды.

      24. Жұмыс беруші ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыз азаматты жолдамасында көрсетілген жұмыс түрінен басқа жұмысқа пайдалануға құқысыз.

      25. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджетке осы мақсатқа қалған қаржы есебінен жүргізіледі.

      26. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып отырған кәсіпорын жергілікті уәкілетті органдарға әр айдың 25–күніне дейін өткен ай үшін белгіленген заңнама тәртібінде есеп береді (жұмыс уақыты есебінің табелі, атқарылған жұмыстардың актілері).

      27. Жергілікті уәкілетті органдар ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін кәсіпорындар есептерін тексеріп, қаржыландыруға қажетті қаржының көлемін анықтап, аудандық қаржы бөліміне әр айдың 25-не дейін тапсырыс жолдайды.

      28. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
      1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
      2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
      3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.      

Аудан әкімиятының   
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 259 қаулысына 4 қосымша

           Қоғамдық ақылы жұмыста жүрген бір жұмыссыз
                  адамның еңбекақысының есебі

N

Жалақы
мөлшері

Есептел ген еңбек ақы мөлшері

Әлеумет тік салығы

Әлеумет тік төлем

Соның ішінде

Қолға тиісі

лі еңбек

ақы

Есептелген

еңбекақы мөлшері

ЖЗК жарнасы 10% 5  грдан

Табыс салығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9


1,0

13470






13470

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады