Мемлекеттік табиғи қаумал аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 362 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2008 жылы 17 қарашада № 1999 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 122-бабына , "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68 және 69-бабтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының 2008 жылғы 20 маусымдағы № 9 хатына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы аумағында орналасқан Ақдала, Жамбыл, Задария, Темір (ботаникалық) және Боралдай (кешенді) мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 21.02.2022 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И. Ә. Әбішевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әшімов
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары И. Әбішев

      Келісілді:

      Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және

      аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы

      бастығының міндетін атқарушы А-Б. Қыстаубаев

      Облыс әкімі аппаратының басшысы Б. Жылқышиев

      Облыс әкімінің орынбасары Ә. Бектаев

      Облыс әкімінің орынбасары У. Қайназаров

      Облыс әкімінің орынбасары Е. Сәдуақасова

      Облыс әкімінің орынбасары М. Тұрмағамбетов

      Облыстық экономика және бюджеттік

      жоспарлау басқармасының бастығы А. Бекетова

      Облыстық қаржы басқармасының бастығы Ы. Шалабаев

  Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 29 қазандағы
№ 362 қаулысына қосымша

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер

Атауы

Шектеу түрлері

Пайдалануға тиым салынатын мерзімі

1. Ақдала, Жамбыл, Задария және Темір мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалдары


2. Боралдай мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы

Мал жаюға
Дермене өсімдігін шабуға
Құнарлы жер қыртысын бүлдіруге
От жағуға
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге
Құнарлы жер қыртысын бүлдіруге
От жағуға
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге

Қазан-қараша жыл сайын
Тұрақты
Тұрақты

Өрт қаупі бар маусымда
Тұрақты

Тұрақты
Өрт қаупі бар маусымда
Тұрақты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады