Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Мемлекеттік табиғи қаумал аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 362 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 21 ақпандағы № 27 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26950 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Мемлекеттік табиғи қаумал аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 362 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1999 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы аумағында орналасқан Ақдала, Жамбыл, Задария, Темір (ботаникалық) және Боралдай (кешенді) мемлекеттік табиғи қаумалдары аумағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгіленсін.".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары Р.А. Аюповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Қазақстан Республикасы Экология,

      геология және табиғи ресурстар министрлігінің

      орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

      комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады