Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Тассай ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 8 ақпандағы N 4-68/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 5 наурызда N 14-10-89 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Тассай ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 28,0 гектар жерден жер телімі алынып, Таскен ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 28,0 гектар жер телімі қосылып, Таскен елді мекенінің шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Әлі
      Сессия төрағасы                            Н. Ирсалиев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Тулендиев
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады