Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Арыс ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 8-103/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 5 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 1 тамызда N 14-10-97 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Арыс ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 34,2 гектар жер телімі алынып, Қожақорған ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 34,2 гектар жер телімі қосылып, Қожақорған ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Б. Нысанов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Тулендиев
      Аудан әкімі                                М. Әлі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады