Жер учаскелерін жеке меншік нысандарына сату мақсатында Төлеби ауданы мен аудандық маңызы бар Ленгір қаласында аймақтардың шекараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 6/46-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 мамырда N 14-13-42 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 4/30-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 18.08.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарына және "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің" 8 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 181 қаулысына сәйкес Ленгір қаласы мен аудан елді мекендері аймақтарының шекаралары төмендегіше болып бекітілсін:

      1.1 Ленгір қаласы бойынша:

      1 аймақ: Төлеби, Қапалбатыр атындағы көшелер.

      2 аймақ: бірінші аймаққа кірмейтін қалған қала аумағындағы көшелер, мөлтек аудандар мен өткелдер.

      1.2 Аудан аумағы бойынша:

      3 аймақ: аудан аумағындағы барлық елді мекендер мен жаппай демалыс (саяжай аймақтары), туризмге арналған рекреациялық жер телімдері.

      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы "Жер учаскелерін жеке меншік нысандарына сату мақсатында Төлеби ауданы мен аудандық маңызы бар Ленгір қаласында аймақтардың шекараларын белгілеу туралы" N 3/19-ІV шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Дүйсебаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә. Шыңғысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады