1992 жылы туған азаматтарды 2009 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы N 24 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 желтоқсанда № 5-16-64 тіркелді. Күші жойылды - 2009.06.05 № 1240 Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының хаты негізінде, қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты

      Ескерту. Күші жойылды - 2009.06.05 № 1240 Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының хаты негізінде, қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы 8 шілдедегі 2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 және 21 баптарын «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын және 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып; аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім 2009 жылғы тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толған, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізсін.
      2. 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу комиссиясы құрылсын (№ 1 қосымша).
      3. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу кезінде әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді кәсіби іріктеуді жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын. (№ 2 қосымша).
      4. № 1 медициналық бірлестіктің директоры Д. Итбаевқа:
      1) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін бөлу;
      2) шақыру учаскелерін қажетті медикаменттермен, құралдармен және медициналық мүліктермен жабдықтау;
      3) флюрографиялық, кардиологиялық және тексеруден басқа түрлерін өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын;
      4) дәрігерлік комиссияның жұмысын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2005 жылғы 4-ші наурыздағы № 100 денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 4-ші наурыздағы № 265 бірлескен бұйрықтарына сәйкес қажетті медикаменттермен, құралдармен, медициналық мүліктермен жабдықтау;
      5) азаматтарды медициналық куәландыру Ақсуат, Ақжар ауылдарында ұйымдастыру;
      6) орталық аудандық ауруханаларда флюорографиялық және қан құрамын анықтаудың қорытындыларын күнделікті шығару тапсырылсын;
      7)азаматтарды медициналық куәландыру аудандық қорғаныс істері  жөніндегі бөлім бекіткен кестесімен жүргізілсін.
      5. Ауылдық округ әкімдері шақырылатындарды әскери есеп үстелдері инспекторларымен бірге комиссияға алып келуді және кетуді қамтамасыз етілсін.
      6. Аудандық білім беру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Т. Жакилина:
      1) мектептерде оқитын 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне толықтай келуін және әскери оқу орындарына түсуге үміткер жастарды дәрігерлік комиссиядан өтуге қажетті құжаттармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      2) оқу орнына түсу сынақтарына қатысты пәндер бойынша қосымша   сабақтар өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
      7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е. Сейлхановқа (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі мен Ішкі Істер Министрінің 2001 жылғы 12 тамыздағы № 265 және 19 тамыздағы № 638 бірлескен бұйрықтарына сәйкес шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, шақыру учаскелеріне тіркелуден жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруге ықпал жасау, шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тапсырылсын.
      8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Ж. Бекбаев тіркеуді өткізу үшін 2009 жылға арналған жергілікті бюджет жоспарына сәйкес қажетті қаржымен қамтамасыз етілсін;
      9. Осы шешім әділет басқармасына тіркеліп, ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
      10. Аудандық әділет басқармасында 9 қаңтар 2008 жылғы № 5-16-51 болып тіркелген аудан әкімдігінің 29 желтоқсан 2007 жылғы № 476 қаулысының күші жойылсын.
      11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                         А.А. Әубәкіров

      Келісілді:
 
      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімнің бастығы             А.Ж. Қарабиев

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                      Е. Сейлханов
 
      № 1 медициналық
      бірлестіктің директоры                 Д.Ж. Итбаев

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 24 шешіміне № 1 қосымша

Азаматтарды шақыру учаскелеріне
тіркеу комиссиясының құрамы

Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы

Аудандық қорғаныс істері  жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім  бойынша)

Айтахметов Нұржан Оралбекүлы

Аудандық қорғаныс істері  жөніндегі бөлімінің әскери  қызметке келісім шартпен іріктеу  және әскерге шақыру бөлімінің  бастығы, комиссия орынбасары келісім бойынша)

Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы

Аудандық орталық емхананың  мейірбикесі, комиссия хатшысы  (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері

Тайшөгелов Айдос Жанабайұлы

Аудандық ішкі саясат бөлімінің  бастығы

Тоқтау Айбол Тоқтауұлы

Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің аумақтық өкілі (келісім бойынша)

Жақсылықов Гайдар Хамзаұлы

№ 1 медициналық бірлестік  директорының орынбасары (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері, келісім бойынша)

      Аппарат басшысы                           А. Нұрбеков

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 24 шешіміне
№ 2 қосымша

Әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді кәсіби
іріктеуді жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы

1)

Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы

2)

Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы

Аудандық орталық емхананың  мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері

3)

Жақсылықов Гайдар Хамзаұлы

1 медициналық бірлестік директорының орынбасары (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері, келісім бойынша)

4)

Тоқтау Айбол Тоқтауұлы

Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің аумақтық өкілі (келісім бойынша)

5)

Оспанов Сансызбай Қожахметұлы

Аудандық білім беру бөлімінің алғашқы әскери даярлық пәні бойынша әдіскері

      Аппарат басшысы                        А. Нұрбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады