Теректі ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 15-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 қаңтарда № 7-11-73 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 3-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2012.06.21 № 3-2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Теректі ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы" қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С.И. Күзембаев
      Аудандық мәслихат хатшысы М.О.Төлегенов

  Қосымша
Теректі аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 15-8 шешімімен бекітілді

Теректі ауданының аумағында
иттер мен мысықтарды ұстау
Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Теректі ауданы аумағындағы иті мен мысығы бар барлық заңды және жеке тұлғаларға таралады.

      2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ит – көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан, ит тұқымдасына жататын кез келген жануар.

      2) мысық - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан, мысық тұқымдасына жататын кез келген жануар.

      3) ит пен мысық иесі - жеке немесе басқа да иелігінде ит немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.

2. Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары мен міндеттері

      3. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

      4. Иттер мен мысықтардың еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға құқылы:

      1) иттерді және иеліктегі үйде тек жақсы қоршаған аумақта, қоршау жануарларды қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет.

      5. Иттер мен мысық иелері міндетті:

      1) сатып алған күннен бастап екі апталық мерзімде өздерінің жануарларын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің Теректі аудандық инспекциясының ветеринарлық бөлімінде тіркеуге;

      2) иттер мен мысықтарды ұстау, өсіру және пайдалануды ветеринарлық норматив пен ережелерге сәйкес жүзеге асыруға;

      3) иттер мен мысықтардың адамдарды тістеп алған жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға және жануарларды жақын ветеринарлық мекемеге алып келуге;

      4) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша жануарларды қарсылықсыз тексеруге, диагностикалық зертеулер жүргізуге және емдеу-профилактикалық өңдеу үшін әкелуге;

      5) үйдегі және ауладағы жалпы адамдар пайдалынатын жерлерді, пәтерлерді, үй баспалдақтарын мысық пен иттерге ластауға рұқсат етпеу. Барлық жағдайларда иелері тез арада экскременттерді жинап алуға тиіс;

      6) иттер мен мысықтар ауырған жағдайда ветеринарлық емдеуге жолығу қажет, жануарлардың жаппай өлген жағдайда олардың өліктерін және тіркелу куәлігі мен нөмірлік белгісін ветеринарлық емдеуге әкелуге.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      6. Иттер мен мысықтардың иелеріне:

      1) иттер мен мысықтарды көпшілік орындарда ұстауға;

      2) құтырма ауруына қарсы вакцинациядан өтпеген және егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

      3) иттерді байлаусыз ұстауға, тұмылдырықсыз және баусыз серуендетуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады