Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2022 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б.Қ. Тортаев) мен Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 24 бұйрығымен бекітілген |
Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі
Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 04.02.2014 № 36 бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2022 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Бұл әдістеме:
1) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу іске асырылатын барлық концессиялық жобаларға таралады.
3. Әдістеме концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындауға қатысатын лауазымды, заңды және жеке тұлғалар үшін жарамды.
4. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
концессионер қызметін мемлекеттік қолдау - Заңның 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың түрлері;
шығындарды өтеу көздері - Заңның 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құны - бұл концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құны.
2. Концессия объектісінің құнын айқындау
6. Объектінің құны (IAS) 16 "Негізгі құралдар" Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында (бұдан әрі - ҚЕХС) пайдаланылатын активтердің/негізгі құралдардың бастапқы құны ұғымына сәйкес келеді. ҚЕХС-ке сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны активті мақсатқа сәйкес пайдалану үшін жұмыс қалпына келтіруге қажетті барлық шығындардан құралады. Іс жүзінде өзі дайындайтын негізгі құралдар үшін ол қарыздық қаражатты тарту шығыстарын қоса алғанда, компания жұмсаған шығындар ретінде айқындалады ("Қарыздар бойынша шығындар" ҚЕХС (IAS) 23).
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Концессия объектісінің құны мемлекеттік қолдау көлемін және шығындарды өтеу көздерін анықтау мақсатында айқындалады. Объект құнын есептеу концессия объектісін құруды (салуды) немесе қайта жаңғыртуды болжайтын жобалар үшін іске асырылады.
8. Объектіні концессияға беру мүмкіндігі туралы ұсынысты қалыптастыру кезеңінде объектінің құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалау әдісімен айқындалады.
9. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу және концессия шартын жасасу кезеңінде концессия объектісінің құны концессия объектісін құру (салу) мақсатында концессионер жұмсаған барлық шығыстардың жиыны ретінде айқындалады:
мұнда:
СО - объект құны;
№ - жылдармен сипатталған кезеңнің ұзақтығы;
Р t - концессия объектісін құру (салу) t мерзімдегі концессионердің концессия объектісін құруға жұмсаған барлық шығындарының сомалық көлемі;
P t ncд- мыналарға жұмсалған t мерзім бойынша шығыстар:
тиісті саланың сметалық нормалары мен бағамдарының жинағына, тиісті саладағы жобалау жұмыстарының бағаларының жинақтарына, Жобалау және салу бойынша ережелер жинағына сәйкес айқындалатын жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;
тиісті салада қолданылатын нормаларға сәйкес қажетті сараптауларды жүргізу (мемлекеттік сараптау, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және басқалар);
концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін лицензияларды, патенттерді, рұқсатнамаларды және де қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген басқа да құжаттарды алу;
P t тру - t мерзімдегі тиісті стандарттар, нормалар және ережелерге сәйкес концессия объектісін құруда (салуда) қолданылатын шикізат пен материалдар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығындар;
P t ауn- t мерзімдегі жұмыстар мен қызметкерлердің кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасына (БТБА) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес концессия объектісін құру кезеңінде нормативтік мәндер шегіндегі техникалық және әкімшілік шығыстарды қоса алғандағы концессия объектісін құру (салу) кезеңіндегі компанияны басқару шығындары;
P t фn- t мерзімдегі мыналар:
қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша есептелетін сыйақылар төлеу. Инвестицияларды Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығында тартқан жағдайда, қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу шығыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Берілген несиелер бойынша (орта өлшенген) сыйақы мөлшерлемелері" статистикасының деректері негізінде айқындалады (http://www.nationalbank.kz), шетелдік капитал тартылған жағдайда – сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар LIBOR мөлшерлемесі және қарыз капиталы нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін маржа ескеріле отырып есептеледі;
концессия объектісін құру (салу) кезеңіндегі инфрақұрылымдық облигациялар бойынша есепке жазылатын сыйақыларды төлеу, олар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет - ресурсында (www.economy.gov.kz) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес есептеулер кезіндегі қаржы-экономикалық модельде (бұдан әрі – ҚЭМ) болжанатын инфляция (тұтынушылық бағалар) деңгейі ретінде айқындалады + облигациялар айналымының бүкіл мерзімі бойында қолданылатын тіркелген маржа;
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның сайтында (www.economy.gov.kz) орналастырылған, мақұлданған тиісті Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамына сәйкес шетелдік валютамен берілетін кредиттер бойынша бағамдық айырмалар;
P t страх - t мерзімдегі сақтандыру қызметтерінің нарығын тексеру нәтижелері бойынша сақтандыру қызметінің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі бойынша сақтандыруды қоса алғандағы концессия объектісін құрумен (салумен) байланысты сақтандырудың барлық түрлері бойынша шығыстар;
P t аморт . - салық заңнамасында көзделген нормалар шегінде жаңа объектіні құруда (салуда) тікелей қолданылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге есептелетін амортизация;
P t өзгелер - келесі шығындарды қамтитын t кезеңіндегі басқа да шығындар:
KazPrime индикаторын қалыптастыру туралы KASE Келісіміне қатысушы банктер қызметтерінің орташа тарифтері ретінде айқындалатын қарыздарды тарту. Тарифтер ашық ақпарат болып табылады және тиісті қаржылық ұйымдардың сайттарында орналастырылған;
нарықты тексеру нәтижелері бойынша тиісті қызметтердің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды ұйымдастыру;
банктік кепілдік беру қызметтерінің нарығын тексеру нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес банктік кепілдік беру бойынша ақылы банк қызметтері мен комиссиялары;
уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;
аудиторлық компаниялардың бағалық ұсыныстарына сәйкес аудиторлық тексерулер;
көлемі концессия объектісін құру (салу) бойынша жоғарыда көрсетілген барлық шығыстар сомасының 1 % аспайтын көлемдегі концессия объектісін құрумен (салумен) байланысты өзге де шығыстар бойынша.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Концессия объектісін мемлекет меншігіне беру кезеңінде концессия объектісінің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес айқындалады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2022 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қолданыстағы концессия объектісін реконструкциялау кезінде концессия объектісінің құны Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 266-273-баптарына сәйкес айқындалған құнға тең болады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды
өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу
12. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құны = (тең) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігінің құны +(қосу):
концессиялық жобаны қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекет кепілдіктерінің құны +(қосу);
мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны +(қосу);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын заттай гранттардың құны +(қосу);
концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру сомалары +(қосу);
концессия шартының қолданылу кезеңінде концессия шартында белгіленген мерзімдерде және ол айқындаған көлемде концессионердің инвестициялық шығындары өтемақысының сомасы.
13. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу қаржылық-экономикалық үлгіні (бұдан әрі - ҚЭҮ) қолдана отырып жүргізіледі. Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы деңгейін айқындау мақсатында ҚЭҮ екі нұсқасы: атап айтқанда, базалық ҚЭҮ және кеңейтілген ҚЭҮ әзірленеді.
14. Базалық ҚЭҮ әзірлеген кезде жоба концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері болмаған кезде жүзеге асырылады деген болжам қолданылады. Базалық ҚЭҮ шеңберінде қаржылық қолдау шараларын ескерусіз жобаның таза келтірілген құны есептеледі (бұдан әрі - базалық NPV).
15. Базалық NPV есептеген кезде мынадай талаптар мен болжамдар сақталуы тиіс:
1) жоба қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлемесі) бойынша тек қана коммерциялық көздерден қаржыландырылады;
2) қаржылық қолдау шаралары ұсынылмайды;
3) теріс базалық NPV болуына жол беріледі;
4) кассалық айырмашылықтардың болуына (ақша қаражатының теріс шамасы) жол берілмейді.
16. Кеңейтілген ҚЭҮ концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері ұсынылған жағдайда базалық ҚЭҮ негізінде әзірленеді. Кеңейтілген ҚЭҮ базалық ҚЭҮ-ге концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерін қосу арқылы әзірленеді.
17. Концессиялық жобаны іске асырудың оңтайлы схемасын айқындау мақсатында кеңейтілген ҚЭҮ әзірлеген кезде әзірлеуші Заңның талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін, пайдалар мен шығындардың ара-қатынасын, институционалдық схеманы және концессиялық жобаның басқа ерекшеліктерін ескере отырып, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің әр түрлерін қолдану мүмкіндігін қарастырады.
18. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес ұсынылатын заттай гранттардың құны Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес айқындалған құн болып табылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 16.02.2018 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Заттай гранттар концессионердің концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, лимитті ескере отырып ұсынылады.
20. Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 Заңына сәйкес айқындалған құн болып табылады.
21. Концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтарды беру концессионердің концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, лимитті ескере отырып, жүзеге асырылады.
22. Концессия шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігінің құны кепілгерлікті орындау құны болып табылады және кепілгерлікпен қамтамасыз етілген облигациялық қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша есептеудің 1 кезеңі мен 6 айға есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі:
мұнда G - инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі шеңберінде мемлекеттік қолдау құны,
D - негізгі борыш сомасы,
r - ҚЭҮ болжанатын инфляцияның ең жоғары деңгейі + облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде қолданылатын тіркелген маржа ретінде айқындалатын пайыздық мөлшерлеме,
p - күнтізбелік жылдағы купондық сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
23. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:
Г = D*(1 + r/p + r/12) (4),
мұнда:
Г – мемлекеттік кепілдіктер құны;
D – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы;
r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1% (шетел валютасындағы қарыздар үшін), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + 1% (ұлттық валютадағы қарыздар үшін) мөлшерлемесі ретінде айқындалады;
p - күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.12.2022 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Концессионердің инвестициялық шығындары өтемақысының сомасы концессия объектісін пайдалану кезеңі ішінде төлемдердің жиынтық шамасына тең.
Концессия объектісі бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын жеке, сол сияқты мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің өзге де шараларымен бірге ұсынған кезде:
инвестициялық шығындардың өтемақысы инфляция деңгейіне индекстелмейді;
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ескеріледі.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін концессия шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.
Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.04.2021 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Концессиялық жобаны қоса қаржыландыру сомасы концессия объектісін салу (реконструкциялау) кезеңі ішінде мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жиынтық шамасына тең.