Байланыс формасы

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5643 болып енгізілді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП бұйрығымен.

      Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2011.08.18 № 2-НП (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) "Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысының (2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4415 болып енгізілді);
      2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысының (2008 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5124 болып енгізілді) күші жойылды деп танылсын.
      3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                     О. Өксікбаев

Республикалық бюджеттің 
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің    
2009 жылғы 27 наурыздағы
N 4 қаулысымен    
бекітілген      

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге, Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес әзірленген.
      2. Ереже сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, оның қорытындысы бойынша шешім шығару және бақылаудың қорытындысы бойынша бақылау материалдарының сапасына талдау жүргізу, оларды есепке алу, олардың есептілігі, орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі – бақылау) бюджеттің тиісті деңгейіне қарай мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) мен жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – бақылау органы) жүзеге асырады.
      4. Бақылау қаржылық бұзушылықтарды анықтау, жою және олардың алдын алу мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк және бюджеттiк бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының атқарылуын, бюджет процесiне қатысушылардың, оның ішінде квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, сондай-ақ басқа да бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, бюджеттiк инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi – бақылау объектiлерi) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңдарын сақтауын мониторингі жүргізу, салыстыру, бағалау және талдау жүйесiн бiлдiредi.
      Бұл ретте квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi деп мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлік қоғамдар, соның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, олармен аффилиирленген еншілес, бағынысты және өзге де заңды тұлғалар ұғынылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Бақылау жүргізуге тартылған Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың басшылары, Есеп комитетінің, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың аппараттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар осы Ережені басшылыққа алады.

2. Бақылаудың үлгілері мен түрлері

      6. Бақылау үлгілері:
      1) сәйкестікке бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
      2) қаржылық есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау;
      3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Бақылау түрлері:
      1) кешенді бақылау – бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
      2) тақырыптық бақылау – бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
      3) үстеме бақылау – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін үшінші тұлғалардың бақылауы;
      4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Бақылау туралы жалпы мәліметтер

      8. Бақылау кезінде мынадай:
      1) тәуелсіздік;
      2) объективтілік;
      3) анықтық;
      4) ашықтық;
      5) құзыреттілік;
      6) жариялылық принциптері басшылыққа алынады.
      9. Бақылау органының стратегиялық, операциялық, жылдық және тоқсандық жоспарлары негізінде бақылау жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Президентінің және ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі адамдарының тапсырмалары бойынша бақылау Есеп комитетінің тоқсандық жұмыс жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
      Жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық жұмыс жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу облыстық мәслихаттар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары депутаттарының сауалдары келіп түскен кезде жүргізіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Бақылау органының стратегиялық, операциялық жоспарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары бақылау органының ішкі регламентіне сәйкес әзірленіп, бекітіледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Бақылау органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өкілеттігі шегінде бақылауды жүзеге асырады.
      12. Бақылау іс-шарасын жалпы ұйымдастыруды оны жүргізуге жауапты лауазымды тұлға жүзеге асырады.
      13. Бақылау органдары мемлекеттік органдармен, басқа бақылау органдарымен, сондай-ақ шет елдердің қаржылық бақылау органдарымен бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізе алады.
      14. Бақылау жүргізу кезінде Есеп комитеті жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органының, сондай-ақ облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің (бұдан әрі – ішкі бақылау қызметтері) Стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      15. Бақылау рәсімі жоспарлаудан, жүргізуден, оның қорытындысы бойынша қабылданған нәтижелерін ресімдеуден тұрады.

4. Бақылауды жоспарлау тәртібі

      16. Жоспарлау бақылаудың бастапқы кезеңі болып табылады, осы кезеңде бақылауға жататын бақылау объектісінің жұмыс істеуінің және қызметінің аспектілерін, бағдарламалардың іске асырылуын және сыртқы мемлекеттік бақылау органдарының құзыретіне кіретін (бақылау үлгісі мен түрін, бақылау объектісін, бақылау қамтитын кезеңді, бюджет қаражатының, түсімдердің, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің, бюджеттік инвестициялардың көлемін, бақылау жүргізу мерзімін, бақылау объектілерінің санын таңдау, тәуекелдерді басқаруды ескере отырып еңбекті қажетсінуі және толыққанды бақылауды жүзеге асыруға қажетті басқа да ресурстар) басқа да мәселелерді зерделеу жүргізіледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Бақылауды жоспарлау кезінде кешенділік, үздіксіздік, оңтайлылық, атаулылық өлшемдерін басшылыққа алу қажет:
      1) жоспарлау кешенділігі – бақылау объектісін бастапқы зерделеуден бастап, бақылау бағдарламасын жасағанға дейінгі жоспарлаудың барлық кезеңдерінің өзара байланыстылығы мен келісе жүргізілуі;
      2) жоспарлаудың үздіксіздігі – бақылауды жүзеге асыратын бақылау органының қызметкерлеріне, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарына және сарапшыларға берілетін тапсырмалардың кезеңдері мен мерзімдері бойынша өзара байланысты болуын белгілеу;
      3) жоспарлау оңтайлылығы – бақылаудың түпкілікті мақсатына жету үшін ең аз шығын жұмсай отырып, бақылаудың үлгісін, түрін, бақылаудың ең ұтымды нұсқасын таңдау;
      4) жоспарлаудың атаулылығы – өңірлердегі орналасуын қоса алғанда, бақылаудың нақты объектілерін таңдау.
      18. Нәтижеге қол жеткізу мақсатында жоспарлау бақылау объектісін алдын-ала зерделеу, бақылау жоспарын жасау, бақылау бағдарламасы мен жұмыс жоспарын бекіту сияқты өзара байланысқан үш кезеңнен тұрады.
      19. Бақылау объектісін алдын-ала зерделеу барысында жоспарланған бақылауды жүргізуге қажетті шынайы және толық ақпарат көздері айқындалады.
      Аталған кезеңде жоспарланып отырған мәселелер бойынша зерделеніп отырған объектіге бақылаудың бұрын жүргізілгені немесе қазіргі уақытта жүргізіліп отырғаны анықталады, сондай-ақ бақылау объектісінің ішкі бақылау жүйесімен, оның қызметінің нәтижелерімен және олар тарапынан Стандарттардың сақталуына танысу жүзеге асырылады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20. Бақылау жүргізуді әзірлеу кезінде:
      1) осы бақылау іс-шарасының мақсаты үшін маңызы бар нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құқықтық құжаттар;
      2) бақылау объектісі қызметінің мақсаты мен міндеттері;
      3) ұйымдық-құқықтық нысаны, ұйымдық құрылымы, ведомстволық бағыныстылығы;
      4) қаржы-экономикалық көрсеткіштері мен қызметінің нәтижелері;
      5) есеп саясаты, бухгалтерлік есебі мен есептілігі;
      6) бақылау объектісінің қызметіне ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар;
      7) осы саладағы және осы объектідегі бұрынғы бақылау іс-шараларының нәтижелері және анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау объектілерінің қабылдаған шаралары туралы ақпаратты жинау және талдау арқылы бақылау объектісінің қызметімен танысу қажет.
      Алдын ала танысу процесінде бақылау объектісінің қызметі туралы маңызды ақпарат бере алатын тәуелсіз ұйымдармен және мамандармен консультациялар жүргізіледі.
      Бұдан басқа, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге құқық беретін қажетті құжаттарды уақтылы дайындау мақсатында көрсетілген мәліметтердің бақылау объектісінде бар-жоғы анықталады.
      21. Бақылау объектісінің қызметі туралы ақпарат көздері мыналар болып табылады:
      1) бақылау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
      2) бақылау объектісінің құрылтай құжаттары;
      3) мемлекеттік органдардың стратегиялық, операциялық жоспарлары;
      4) бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, кеңес хаттамалары;
      5) бақылау объектісінің өндірістік және ұйымдық құрылымын регламенттейтін құжаттар;
      6) бақылау объектісінің қаржы, бухгалтерлік және статистикалық есептілігі;
      7) бақылау объектісінің қызметін жоспарлау құжаттары;
      8) бұрынғы бақылау іс-шараларының, оның ішінде салық тексерулерінің материалдары, сот талап арыздары, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі құжаттар;
      9) бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның салған сұраулары;
      10) бақылау объектісінің интернет-ресурсы;
      11) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
      12) үшінші тұлғалардың салған сұрауларына жауаптар;
      13) бақылау объектісі туралы мәліметтерді қамтитын өзге де көздер.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Бақылау объектілерін алдын ала зерделеу процесінде осы объектілерде бақылауды жүзеге асырудың орынсыз екенін көрсететін факторлар анықталуы мүмкін.
      Мұндай жағдайда бақылауға жауапты лауазымды тұлға бақылау объектілерінің тізбесін, оны жүргізудің мерзімін өзгерту немесе осы бақылау іс-шарасын бақылау органының жұмыс жоспарынан алып тастау туралы ұсыныс әзірлеп, бақылау органы басшысының қарауына ұсынады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23. Алынған деректердің негізінде жедел талдау жүргізіліп, бақылаудың ауқымы, үлгісі, түрі және ықтималды маңызды бағыттары анықталады.
      24. Бақылау объектісін алдын ала зерделеуден кейін жоспар жасалып, бақылау бағдарламасы әзірленеді.
      Бақылау жоспарын бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның ұсынысы бойынша бақылау органының басшысы бекітеді және бақылау жүргізу процесінде бақылау органының басшысы оны өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін.
      Бақылау бағдарламасын бақылау органының бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы бекітеді.
      Бақылау жүргізу барысында бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлға бақылау бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізе алады.
      25. Бақылау жоспарында бақылау жүргізуге болған негіздер, бақылаудың мақсаты, бақылау объектілері, бюджетке түскен түсімдердің немесе қаржыландырудың көлемдері, мемлекеттің активтері, бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік қарыздар, кепілгерліктер, байланысты гранттар, бақылаумен қамтылған кезең, бақылаудың ұзақтығы көрсетіле отырып, негізгі ұйымдастырушылық мәселелер белгіленеді.
      26. Мерзімін бақылау органының басшысы белгілейтін тиімділікті бақылауды қоспағанда, бақылау жүргізудің мерзімі алдағы тұрған жұмыстар мен қойылған міндеттердің көлемін ескере отырып, бақылау объектісінің басшысына бақылау жүргізуге тапсырманы табыс еткен сәттен бастап отыз күнтізбелік күнге дейін белгіленеді.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Бақылау жүргізудің мерзімін бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның жазбаша өтініші бойынша бақылау органының басшысы отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      28. Бақылау тобының алдын ала саны мен жеке құрамы бақылауға жауапты лауазымды тұлғалармен келісіле отырып, бақылау органының тоқсандық жұмыс жоспарларының қосымшаларында айқындалады.
      29. Бақылау тобының құрамына бақылау органының кем дегенде екі қызметкері, ал қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар енуі тиіс.
      30. Мүдделер қақтығысы жағдайының туындағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау органының қызметкеріне жүктеледі.
      31. Бақылау бағдарламасы бақылау жоспарын дамыту үшін жасалады және жоспарды іс жүзінде іске асыруға қажетті іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасын білдіреді.
      32. Бақылау бағдарламасында бақылаудың жоспарына сілтеме, бақылау тобының жеке құрамы, оның жетекшісі, бақылау іс-шарасын жүргізудің дәйектілігі мен егжей-тегжейлілігі көрсетіледі.
      33. Бақылауды жүзеге асыратын адамдар бақылау объектісіндегі жұмыс көлемін айқын түсінуі үшін бақылаудың мақсаты анық белгіленуі тиіс.
      34. Бақылаудың мақсаты қойылған мына міндеттерге байланысты айқындалады: бюджеттің атқарылуын бағалау, тиімділікті бақылау және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бөлінген республикалық және жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын бағалау, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын анықтау, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылау, бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      35. Бақылаудың нысанасы – бақылауға жататын бақылау объектісі қызметінің бағыттары.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36. Бақылау нысанасы ретінде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалар, аумақты дамыту бағдарламалары, гранттар, мемлекет активтері, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануға қатысты жекелеген мәселелер қарастырылады.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Бақылау бағдарламасының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуі, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің іске асырылуы;
      2) бақылау объектісінің есеп пен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығы;
      3) республикалық және жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі;
      4) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, сондай-ақ түсімдер сомаларының қайтарылуы, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігі;
      5) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бақылау объектілерінің сақтауы;
      6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға бюджеттік, мемлекеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттар мен іс-шараларға бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын пайдалануы;
      7) бақылаудың үлгісіне, түріне және тақырыбына қарай басқа да бағыттар.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Бақылау бағдарламасында бақылауға жататын бағыттар бойынша ақпарат көздерінің, сондай-ақ бақылау барысында пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі келтіріледі.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      39. Бақылауға жауапты лауазымды тұлға бекітетін жұмыс жоспары тексеру бағдарламасына міндетті қосымша болып табылады. Сол жоспарда нақты бағдарламалық мәселелерге, бақылау мерзіміне және нақты бақылау объектілеріне жауапты адамдар көрсетіледі.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Бақылауды жүргізудің тәртібі

      40. Бақылау жүргізу үшін бақылау жоспары мен бағдарламасы негізінде бақылау органының басшысы немесе бақылауға жауапты лауазымды тұлға қол қойған тапсырманың (бұдан әрі – Тапсырма) болуы міндетті шарт болып табылады.
      41. Тапсырма бақылау жүргізуге құқық беретін ресми құжат болып табылады, ол мемлекеттік рәміздері бар қатаң есептілік бланкісіне ресімделеді.
      42. Тапсырмада мыналар көрсетіледі:
      1) бақылау органының атауы, бақылау жүргізуге жауапты тұлғаның тегі мен аты-жөні, атқаратын қызметі, оның қолы, сондай-ақ мөрі не болмаса жоғарыда көрсетілген тұлға болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғаның деректері;
      2) нөмірі мен берілген күні;
      3) бақылау жүргізуге құқықтық негіздер;
      4) бақылауды жүргізу тапсырылған адамның (адамдардың) тегі мен аты-жөні және лауазымы;
      5) бақылау объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, басшысының аты-жөні, оның орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      6) бақылаудың нысанасы;
      7) бақылаудың үлгісі мен түрі;
      8) бақылау объектісінде бақылау жүргізудің жоспарланып отырған мерзімі;
      9) бақылаудың қамтитын кезеңі;
      10) бақылау жүргізуді белгілеген лауазымды тұлғаның қолы;
      11) бақылау бастапқы белгіленген мерзімінен асқан жағдайда, күнін көрсете отырып бақылау мерзімінің ұзартылғаны туралы мәліметтер.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      43. Әрбір бақылау объектісіне жеке Тапсырма ресімделеді. Тапсырмалар бақылау органында сақталатын, оларды есепке алатын жеке журналда тіркеледі.
      44. Бақылауды жүргізу туралы тапсырмалар «Мемлекеттік құпиялар туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүргізілетін бақылауды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркеліп, ал кейіннен есептен алынуға жатады.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2009.12.04 № 30 Қаулысымен.  
      45. Бақылауды жүргізердің алдында бақылау объектісінің басшысына мыналар көрсетіледі:
      1) Тапсырма;
      2) бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың қызметтік куәліктері;
      3) қажет болған жағдайда, құзыретті органның режимдік объектілерде болуға рұқсаты.
      46. Бақылауды Тапсырмада көрсетілген адамдар ғана жүзеге асырады.
      47. Бақылау объектісінің лауазымды адамына (адамдарына) Тапсырма көрсетілген сәттен бастап бақылау жүргізу басталды деп есептеледі.
      48. Бақылау жүргізу бақылау объектісінің жұмыс режимі мен күн тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
      49. Режимдік мекемелерде бақылау жүргізуге байланысты құпия материалдарды зерделеу мен талдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      50. Бақылау жүзеге асыратын адамдар:
      1) осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен жағдайда бақылау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіре алады;
      2) бақылаудың міндеттері мен мән-жайына сәйкес, бақылау объектісінің қызметі туралы толық, объективті және анық ақпарат алу мақсатында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және өзі белгілеген мерзімде алады;
      3) оны осы Ереже мен Стандарттардың негізінде және соларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкес жүргізеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарын, бақылау объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды;
      5) бақылауды жүргізу кезінде бақылау объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамайды;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын болдырмау, анықтау және жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерін уақтылы және толықтай орындайды;
      7) бақылау объектісінің басшысына (лауазымды тұлғаларына) бақылау жүргізу кезінде болуға, бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсініктер беруге кедергі жасамайды;
      8) бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің бүтін болуын қамтамасыз етеді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді;
      9) бақылау объектісінде бақылау жүргізудің Тапсырмада көрсетілген мерзімінің соңғы күніне дейін үш күннен кешіктірмей, бақылау объектісінің басшысына (лауазымды тұлғаларына) танысып, қол қоюы үшін бақылау нәтижелері жөніндегі актіні (бұдан әрі – бақылау актісі) тапсырады;
      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органынан оның республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылауының нәтижелері бойынша қабылдаған актілерін сұратуға құқылы.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      51. Бақылауды жүзеге асыратын адамдар бақылау объектісінің лауазымды тұлғаларына бақылау нысанасына жатпайтын қандай да болмасын талаптар қойып, өтініштерімен жүгіне алмайды.
      52. Бақылау объектісінің басшысына:
      1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерін және тұжырымдары мен ұсынымдарын білуіне;
      2) осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған бақылау органдарының қызметкерлерін бақылауға жібермеуіне;
      3) бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау органына он күн мерзімде бақылау актісіне қарсылығын жіберуіне;
      4) бақылау органының отырысында жүргізілген сыртқы бақылауға байланысты тиісті есеп беруіне;
      5) бақылауды жүзеге асырған бақылау органының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беруіне болады.
      53. Бақылау объектісінің басшысы:
      1) бақылауды жүзеге асыратын адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
      2) бақылауды жүзеге асыратын адамдарды бақылауды жүзеге асыру үшін сұратылып отырған бүкіл қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін дербес жауапкершілікте болады;
      3) бақылауды жүзеге асыратын адамдардың іс-әрекеттеріне араласпайды, бақылау жүргізуге кедергі келтірмейді және оның ауқымын шектемейді;
      4) жүргізілген бақылау нәтижелері бар актіні таныстыруға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне қол қояды;
      5) бақылау органдарының қаулысында және ұсынысында көрсетілген кемшіліктерді толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етіп отырады;
      6) бақылауды жүзеге асырған адамдардың ұсыныстары бойынша түсімдерді бюджетке енгізуді, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өндіріп алуды не оларды есеп бойынша қалпына келтіруді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді.
      Бұл ретте негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану деп бюджет қаражатын, гранттарды, мемлекеттік қарыздарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілгерліктерін, нысаналы трансферттер мен кредиттерді, мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстарын, көрсететін қызметтерін) сатудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылуын айтамыз.
      54. Бақылау жүргізуге құқық беретін Тапсырма көрсетілгеннен кейін бақылау объектісінің басшысы немесе басқа лауазымды тұлғасы бақылау органының қызметкеріне бақылау объектісіне кіруіне кедергі келтірген не бақылау жүргізуге қажетті ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда немесе оны беруді кешеуілдеткен жағдайда, сондай-ақ жалған ақпарат берген жағдайда бақылау органының қызметкері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 146-бабының (бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен, бақылауды жүзеге асыру үшін сұратылып отырған бүкіл қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі бақылау объектісі басшысының міндеттері) және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБКо) 356-бабының мазмұнын бақылау объектісінің лауазымды тұлғасы мен басшысының назарына жеткізеді және (ӘҚБКо 635-бабына сәйкес) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында орналасқан сотқа заңнамада белгіленген тәртіппен жіберіледі.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзіне қатысты іс қозғалған тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі хаттаманы қолхатпен алудан бас тартқан жағдайда оны толтырған тұлға хаттамаға тиісті жазба жасайды.
      55. Ереженің 56-тармағында көрсетілген жағдайда бақылау органының қызметкері күнін, уақытын, орнын, құқыққа қарсы іс-әрекетке жол берген лауазымды тұлғаның деректерін және өзге де қажетті ақпаратты көрсете отырып, объектіге кіргізуден немесе ақпарат беруден оның бас тартқаны туралы акт толтырады.
      Көрсетілген акт екі данада ресімделеді және оған бақылау объектісінің қызметкері қол қояды. Актінің бір данасы бақылау объектісінің басшысына қолхатпен беріледі, егер ол оны қолхатпен алудан бас тартқан жағдайда, акт бақылау объектісінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
      Егер бақылау органы қызметкерінің талаптары акт табыс етілгеннен кейін бір тәулік ішінде орындалмаса, ол болған оқиға туралы бақылауға жауапты лауазымды тұлғаға дереу мәлімдейді, ал ол бақылау органының басшысын осындай факті туралы хабардар етеді және оған тиісті акті жібереді.
      Бақылауға жауапты лауазымды тұлға кіргізуден бас тарту туралы актіні қараудың қорытындысы бойынша одан әрі шешім қабылдауы үшін бақылау органының басшысына болған оқиға туралы бір тәулік ішінде мәлімдейді.
      56. Тапсырмамен танысудан бас тарту, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, сондай-ақ объектіге кіргізуден немесе ақпарат беруден бас тарту туралы актіні толтыру бақылау жүргізуді болдырмауға негіз бола алмайды.
      57. Бақылаудың жүргізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау объектісінің қызметіне кедергі келтірмеуі тиіс.
      58. Бақылау органдарының қызметкерлері жалғандау, бұрмалау, ұрлау және теріс пайдалану фактілерін анықтаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде не бақылау объектісіне тиесілі аумақты, үй-жайды, көлік құралын, тауарларды, өзге де мүлікті тексеру кезінде табылған бақылау объектісіне тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы не заты болып табылатын құжаттардың түпнұсқаларын, тауарларды, өзге мүлікті, заттарды алып қояды.
      59. Бақылау объектісіне тиесілі құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлікті алып қоюды ресімдеу, сондай-ақ оларды сақтау ӘҚБКо-де белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      60. Бақылау барысында бақылау бағдарламасында қамтылмаған, бірақ бақылау мән-жайын толық зерделеуге қажетті мәселелер туындаған жағдайда бақылау объектісі бақылауды жүзеге асырып отырған тұлғаның сұратуы негізінде аталған материалдарды ұсынуы тиіс.
      61. Егер бақылау барысында бақылау объектісінің үшінші тұлғалармен шарттары, есеп айырысулары мен қаржы операцияларының анықтығына бақылау жүргізу мүмкін болмағанда, сондай-ақ көрсетілген қызметтерді, жұмыстарды төлеудің дұрыстығы, Қазақстан Республикасы заңдарының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарының сақталуы, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі күдік туғызса, онда үстеме бақылау жүргізіледі.
      Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      62. Үстеме бақылау жүргізу үшін әрбір объектіге бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлға қол қойған жеке Тапсырма ресімделіп, ол міндетті түрде тіркелуге, кейіннен құқықтық статистика және арнайы есептеу саласындағы уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде есептен шығуға жатады.
      Үстеме бақылау жүргізу үшін берілген Тапсырмаға негізгі объектіде бақылау жүргізуге арналған Тапсырма нөмірі және бөлшек арқылы оның реттік нөмірі беріледі.
      63. Есеп комитеті жүргізіп отырған бақылауының шеңберінде бұрын басқа мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау жүргізген бақылау  объектілерінде осы Ережеде көзделген қағидаларды және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің нормаларын сақтай отырып, бақылау объектісінің сол кезең аралығындағы қызметіне қайта бақылау жүргізеді.
      Ескерту. 63-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      64. Бақылау органының басшысы тексеруге негіз болған себептерді көрсетіп әрі Ереженің қағидаларын сақтай отырып қайта бақылауды, осы бақылау органының қызметкерлері жүргізген бақылаудың нәтижелерін қайтадан тексеруді белгілей алады.
      Қайта тексеруді бұрын осы бақылау объектісінде бақылауға қатыспаған қызметкерлер жүргізуі тиіс.
      Ескерту. 64-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      65. Бақылау органдары бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға және осы саланы реттейтін заңға тәуелді актілерге сәйкес бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Бірлескен бақылау жүргізудің тәртібі

      66. Бірлескен бақылау және талдау іс-шаралары мынадай ұйымдық нысандарда:
      1) бюджеттің түрлі деңгейіндегі бақылау органдарының, сондай-ақ бақылау-қадағалау функциялары берілген басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерінен жұмыс тобын қалыптастыру арқылы;
      2) кейіннен бақылаудың нәтижелерімен алмасып, оның нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды құжатты дайындай отырып әрбір тараппен дербес жүргізіледі.
      67. Бірлескен бақылауды жүргізу мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттері мен олар үшін көзделген тәртіпті ескере отырып, бірлескен бұйрықтың негізінде, бірлескен бақылаудың жалпы бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
      68. Бірлескен бақылау бағдарламасының жобасын дайындауды бақылау органы немесе екінші тараптың келісімі бойынша бірлескен бақылау жүргізуге бастама көтерген бақылау-қадағалау органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 68-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      69. Қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтар шығаруды, сондай-ақ іссапар шығындар төлеуді әрбір тарап дербес жүргізеді.
      70. Екіжақты және көпжақты негізде бастамашы – ұсынушы тараптың тақырыбы бойынша, жалпы бағдарлама бойынша және келісілген мерзімде бақылау жүргізу нысанында бақылау органдарының шет елдердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен бірлесіп жүргізетін бірлескен бақылауды жүргізу үшін, қажет болған жағдайда, тараптардың өкілдерінен бірлескен бақылау тобы құрылады.
      Ескерту. 70-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      71. Сондай-ақ бірлескен бақылау республикалық, жергілікті бюджеттер қаражатының, бюджеттік инвестициялардың және қатысушы елдердің аумақтарында орналасқан жекелеген объектілерді бірлескен үлестік қаржыландыруға бағытталған шет елдердің бюджеттері қаражатының пайдаланылуын бақылау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдермен жасасқан мемлекетаралық шарттары мен келісімдерінде көзделген басқа да жағдайларда жүргізіледі.
      Ескерту. 71-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      72. Бірлескен бақылауды жүргізу үшін бақылау органы шет елдердің бір немесе бірнеше мемлекеттік қаржылық бақылау органымен тиісті құжатқа қол қояды, сол құжатта мыналар айқындалады:
      1) бірлескен бақылаудың тақырыбы;
      2) бақылаудың мақсаты, міндеттері мен мәселелері;
      3) бақылау объектілері;
      4) бақылау жүргізудің мерзімі;
      5) бақылауды жүргізуге жауаптылар;
      6) ұлттық заңнамада, шет елдердің қаржылық бақылау органдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер мен шарттарда айқындалған әрбір Тараптың функциялары мен бақылау өкілеттіктеріне сүйене отырып, олардың қатысу шарттары мен мәселелері;
      7) Тараптардың бақылауды жүргізуге байланысты жұмыстарды қаржыландыру бөлігіндегі міндеттемелері;
      8) ақпарат алмасу және бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі, оның ішінде қорытынды құжаттың нысаны;
      9) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша шешімдер дайындау және қабылдау тәртібі;
      10) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің атқарылуын бақылау тәртібі.

7. Бақылаудың нәтижелерін ресімдеу және шешімдерді қабылдау тәртібі

      73. Бақылаудың нәтижелері әрбір бақылау жүргізілген объекті бойынша бақылау актісімен ресімделеді.
      Ескерту. 73-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      74. Бақылау актісінің құрылымы бақылау бағдарламаларында көрсетілген барлық мәселелердің толық көрсетілуін, онда баяндалған мәліметтердің анықтығын, объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс.
      Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      75. Бақылау актісінде мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) актінің толтырылған күні мен орны;
      2) бақылаудың үлгісі мен түрі;
      3) Тапсырманың күні мен нөмірі;
      4) бақылауды жүргізуге тартылған , бақылау жүргізген бақылау органы қызметкерлерінің, мемлекеттік органдар мен аудиторлық ұйымдар мамандарының және сарапшылардың тегі, аты-жөні, лауазымы;
      5) бақылау объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, банк және салық деректемелері;
      6) бақылаудың мақсаты, нысанасы, бақылаудың қамтитын кезеңі;
      7) бақылау жүргізу мерзімі;
      8) бақылауды жүзеге асыратын кезде хабардар етілген бақылау объектісінің лауазымды тұлғаларының аты-жөні, сондай-ақ олардың жұмыс істеген кезеңі;
      9) бұрынғы бақылаудың нәтижелері (тек бақылауға жататын мәселелер бойынша), бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бақылау объектісінің қабылдаған шаралары туралы мәліметтер;
      10) жүргізіліп отырған бақылаудың нәтижелері туралы мәліметтер, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сілтеме жасай отырып, заң бұзу фактілерін және олардың сипаты туралы баяндау. Бақылау бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың үлгісіне, түріне және объектісіне қарай мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуі, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің іске асырылуы, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет кепілгерліктері мен активтерінің пайдаланылуы көрсетіледі;
      11) бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ақпарат, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру фактілері;
      12) бақылау объектісі лауазымды тұлғаларының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы мәліметтер;
      13) бақылауды жүргізген бақылау органы қызметкерлерінің және бақылау объектісі лауазымды тұлғаларының қолы.
      Ескерту. 75-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      76. Анықталған бұзушылықтар актідегі жазбалардың анықтығын растайтын құжаттар түпнұсқаларының деректемелеріне, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің нақты баптарына, тармақтарына және тармақшаларына қажетті сілтемелер жасала отырып, объективті және дәл сипатталуы қажет.
      77. Бақылау актісіне заң бұзу фактілерін көрсететін әрі актінің ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттардың түпнұсқалары немесе тиісті түрде расталған көшірмелері, анықтамалар, диаграммалар, фотосуреттер, сондай-ақ осыған қатысы бар лауазымды  тұлғалардың функционалдық және лауазымдық міндеттерінен туындайтын жазбаша түсініктемелері қоса беріледі. Сондай-ақ бақылау актісіне, егер бар болса, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен сараптамалардың актілері (хаттамалары, қорытындылары) және бақылау нәтижелеріне байланысты басқа құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі. Бақылау актісіне қоса берілетін құжаттардың көшірмелеріне уәкілетті лауазымды тұлғалар қол қойып, бақылау объектісінің мөрімен расталады. Бақылау актісіндегі қосымшаларға міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс.
      Ескерту. 77-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      78. Бақылау актісіне тиісті құжаттармен расталмаған әртүрлі фактілерді, тұжырымдарды енгізуге жол берілмейді.
      79. Бақылау объектісінде бұзушылықтар болмаған жағдайда бақылау актісінде сыртқы бақылау кезінде анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың жоқ екені көрсетіле отырып, бақылаудың нәтижелері жоспарға, бақылау бағдарламасына, Стандарттарға сәйкес көрсетіледі.
      80. Бақылау актісі екі данада жасалып, бақылауды жүзеге асырған бақылау органының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар қол қойғаннан кейін міндетті түрде бақылау объектісінің кіріс хат-хабарларын есепке алу жүйесінде тіркеле отырып, бақылау объектісінің басшысына танысып, қол қоюы үшін табыс етіледі.
      81. Тараптардың өкілдерінен бақылау тобын құру арқылы бірлескен бақылауды жүргізу кезінде әрбір бақылау объектісінде әрбір тарап үшін қосымша акт толтырылады.
      82. Бір бақылау іс-шарасы аясында бірнеше бақылау объектісінде жүргізілген бақылаудың нәтижелерін қорыту кезінде бақылау объектісінің жауапты лауазымды тұлғаларын таныстыру үшін жиынтық ақпарат жасалады, оған бақылау тобының жетекшісі қол қояды.
      83. Бақылау объектісінің лауазымды тұлғаларын бақылау актісімен таныстыру және оған қол қою осы Ереженің 53-тармағында көрсетілген мерзімде жүргізіледі. Бақылауды жүргізген сыртқы бақылау органының қызметкері мен бақылау объектісінің лауазымды тұлғасы бақылау актісінің барлық беттеріне қол қояды.
      Бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бақылау актісіне қарсылықтардың бар екені туралы ескертіліп қол қойылады. Бақылау актісіне жазбаша қарсылықтар осы Ереженің 52-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзімде ұсынылады. Белгіленген мерзімде ұсынылған бақылау актісіне қарсылықтарды бақылау органы міндетті түрде қарайды.
      Ескерту. 83-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      84. Бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін анықталған бұзушылықтардың тізілімі жасалады, оның көрсеткіштері кейіннен бақылаудың нәтижелері бойынша қорытындыны дайындау үшін жиынтық тізілімді, сондай-ақ бақылау органы қызметкерінің жұмыс туралы есепті жасауға негіз болады.
      85. Бақылау актісінің қол қойылған бір данасы сақтауға тапсырғанға дейін қосымшаларының көшірмелерімен бірге бақылау тобының жетекшісінде қорытындыны – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негізінде жасалатын құжатты (бұдан әрі – Қорытынды) дайындау үшін қалдырылады, ал екінші данасы анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар және басқа да iс-әрекеттер қабылдау үшiн бақылау объектiсiнiң басшысына табыс етіледі.
      86. <*>
      Ескерту. 86-тармақ алынып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      87. Бақылау объектісінің лауазымды тұлғасы бақылау актісіне қол қоюдан бас тарту себептеріне түсінік берместен әрі негіздемесіз қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүзеге асырған бақылау органының қызметкері бақылау объектісінің лауазымды тұлғасының (лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөні көрсетіледі) қол қоюдан бас тартқаны туралы бақылау актісінде белгі қояды.
      88. Бақылауды жүзеге асыратын адамдар бақылау актісінде баяндалған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі және толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      89. Бақылауға жауапты лауазымды тұлға бақылау органының басшысына бақылауды жүзеге асырған қызметкерлердің, бақылауға қатысқан мемлекеттік органдар мен аудиторлық ұйымдар мамандарының және сарапшылардың бақылауды жүргізу барысында өздерінің қызметтік міндеттерін атқармағаны және еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы жазбаша түрде дереу хабарлайды.
      90. Жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша оның жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлға бақылауды жүзеге асырған бақылау органы қызметкерлерінің қатысуымен екі апта мерзімде қорытындыны дайындап, бақылау органының басшысына табыс етеді.
      91. Қорытындыда бақылаумен анықталған барлық заң бұзу фактілері, оларды жою, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, түсімдердің бюджетке толық және уақтылы түсуі, республикалық бюджет қаражатын, трансферттерді, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды, сондай ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың тиімділігін жақсарту жөнінде ұсыныстар жинақталады.
      92. Қорытындыға бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бұзушылық фактілерін енгізуге жол берілмейді.
      Қорытынды кіріспе, негізгі және жиынтық сияқты бөлімдерден тұрады.
      93. Қорытындының кіріспе бөлімі бақылауға болған негізді, бақылаудың мақсатын, мән-жайын және объектілерін, кезеңді бақылау жүргізу мерзімін, бақылау тобы туралы жалпы мәліметтерді сипаттайды.
      Ескерту. 93-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      94. Қорытындының негізгі (талдамалық) бөлімі бақылау іс-шараларының, сондай-ақ бақылаудың қойған мақсаты мен белгілеген ауқымы шегінде бақылау объектісінің қызметіне жасалған жалпы талдаудың нақты нәтижелерін қамтиды.
      95. Салық, салықтан тыс түсімдер немесе бюджетке төленетін басқа да төлемдер, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігі республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің жалпы көлеміндегі олардың үлесін анықтай отырып, бақылаумен қамтылған кезеңде талданады.
      96. Мемлекет активтерінің пайдаланылуын талдау қорытындысы бақылау объектісінің жалпы сипаттамасынан, оның негізгі функцияларынан, жарғылық капиталды құруға немесе толықтыруға кеткен бюджет шығыстарынан басқа квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың өзге де салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді талдауды қамтиды.
      Ескерту. 96-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      97. Бақылаудың нәтижелері бақылау бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылау объектісінің үлгісіне, түріне және объектісіне сәйкес жүйеге келтіріліп, мынадай бөлімдерді қамтиды:
      1) мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын нормативтік әдістемелік қамтамасыз ету, олардың толыққандығы және бақылау объектісі қызметінің бекітілген стратегиялық жоспарларға сәйкестігінің деңгейі;
      2) мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларды, аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыруға немесе жекелеген әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге, сондай-ақ бақылау объектісінің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен индикаторларына қол жеткізуге бағытталған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қызметі;
      3) бюджет қаражатын, оның ішінде трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды игерудің нәтижелілігі және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоса алғанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізудің деңгейі;
      4) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылаудың нәтижелері;
      Қорытындының негізгі (талдамалық) бөлімінде қаржы активтерін сатып алу бойынша, оларды сатудан бюджетке түскен түсімдерді және бюджеттік инвестицияларды пайдалануды бақылаудың нәтижелері бөлек көрсетіледі.
      Әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақта көрсетіледі.
      Ескерту. 97-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      98. Жекелеген бұзушылықтарды әлдеқайда толығырақ ашу үшін негізгі (талдамалық) бөлім қосымшалармен толықтырылуы мүмкін. Қосымшалар Қорытындының негізгі мәтінімен бірге біртұтас бүтінді құрайды.
      99. Қорытындының жиынтық бөлімі "Бақылау барысында қабылданған шаралар", "Қорытындылар", "Бақылаудың нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар" деген бөлімдерден тұрады.
      100. "Бақылау барысында қабылданған шаралар" деген бөлім қосымша есептелген салықтар, айыппұлдар, өсімақылар туралы, бюджетке түсімдер енгізудің қамтамасыз етілгені, негізсіз пайдаланылған қаражаттың өтелгені, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттағы міндеттемелерін орындағаны, бұзушылықтарға жол берген бақылау объектісінің лауазымды адамына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары туралы және бақылауды жүзеге асыру процесінде бақылау объектісінің бұзушылықтарды жоюына қатысты басқа да ақпаратты қамтуы қажет.
      101. "Бақылаудың нәтижелері бойынша қорытындылар" деген бөлім  жүргізілген бақылаудың мәселелері бойынша бақылау объектісі қызметінің нәтижелерін жалпы бағалауды қамтуы қажет. Бақылау бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылау объектісінің үлгісіне, түріне және объектісіне қарай бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының іске асырылуы тиімділігін, бюджетке кірістердің  толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің, байланысты гранттардың, бюджеттік инвестициялардың, мемлекет кепілгерліктерінің ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қызметін бағалау қамтылады.
      Ескерту. 101-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      102. "Бақылаудың нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар" деген бөлімде бақылау органының отырысында бақылаудың нәтижелерін қарау не оның нәтижелері бойынша ұсыным жіберу мүмкіншілігін көздейтін бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның пікірі көрсетіледі.
      103. Сондай-ақ аталған бөлiмде нормативтiк құқықтық базаны, бюджет қаражатының жоспарлау, пайдалану рәсімдерін жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік уәкiлеттi органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ бақылау жүргiзу барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде бақылау объектiлерiне арналған ұсыныстар келтiрiледi, сондай-ақ нысаналы мақсатта пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомаларын, негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару жөнінде ұсыныстар келтіріледі.
      Бұл ретте нысанасыз пайдалану деп пайдалануы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылатын бюджет қаражатын, гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн оларда көзделмеген мақсаттарға пайдалануды айтамыз;
      104. Қорытынды бақылау органының қаулысы мен ұсынымының жобаларын дайындау үшiн негiз болып табылады.
      105. Қорытындыға қол қойылғаннан кейін бақылауға жауапты лауазымды тұлға анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімін жасайды.
      106. Бақылау органының қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) – бақылау органдары қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және шешімдерді қамтитын өздеріне арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті құжат.
      Қаулыны қабылдау рәсімі бақылау органының регламентімен айқындалады.
      107. Қаулы белгiлеушi және қаулы шығарушы бөлiктерден тұрады.
      108. Қаулының белгiлеушi бөлiгi бақылау бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, бақылау объектісінің үлгісіне, түріне және объектісіне қарай бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы тиімділігін, бюджетке кірістердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің, байланысты гранттардың, бюджеттік инвестициялардың, мемлекет кепілгерліктерінің ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қызметін бағалауды және анықталған бұзушылықтардың қысқаша сипаттамасын қамтиды.
      109. Қаулының қаулы шығарушы бөлiгi мыналарды қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жергілікті атқарушы органдарға және бақылау объектiлерiне нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, анықталған заң бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттағы міндеттемелерін орындауы, бұзушылық фактілері анықталған жағдайда бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнiндегi ұсынымдарды;
      2) бақылау объектiсiнiң және тиiстi лауазымды тұлғалардың анықталған бұзушылықтар мен жұмыстардағы кемшiлiктердi жоюы жөнiндегi атқаруға міндетті тапсырмаларды;
      3) бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғаларының iс-әрекетiнде қылмыс немесе құқық бұзушылық белгiлерi анықталған жағдайда қаулы шығарушы бөлiкке құқық қорғау органдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайтын уәкiлеттi органдарға бақылау материалдарын беру туралы тармақтар енгiзiлуi мүмкiн;
      4) Қаулының орындалуын бақылау жүктелген бақылау органы лауазымды тұлғасының аты-жөнін қамтиды.
      110. Қаулыны бақылау органының отырысында қарау және қабылдау талап етiлмейтiн жағдайларда жүргiзiлген бақылаудың нәтижелерi бойынша бақылау органы басшысының шешiмi бойынша анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға жіберілетін мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты – ұсыным (бұдан әрi - Ұсыным) дайындалады. Бақылау органының бақылау жүргiзуге жауапты лауазымды тұлғасы бақылауды жүзеге асырған бақылау органы қызметкерлерінің қатысуымен Ұсыным дайындап, оны қарап, қол қоюы үшiн бақылау органының басшысына жібереді.
      Ескерту. 110-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      111. Ұсыным осы Ереженің 108-109-тармақтарына сай қаулыны толтыруға қойылатын нысан бойынша толтырылады.
      112. Бақылау нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, интернет-ресурсқа орналастыру бақылау органдарының ішкі регламенттеріне сәйкес жүргізіледі.
     Ескерту. 112-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8. Бақылау материалдарының сапасына талдау жүргізу

      113. Бақылау органдары бақылауды ұйымдастыруға, жүргізуге бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау және өз қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында олардың ұсынған бақылау актілерінің сапасына талдау жүргізуге хақылы.
      114. Бақылау актілерінің сапасын талдау (бұдан әрі – сапаны талдау) – олардың Стандарттарға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін, бағдарламалық мәселелердің қамтылу толықтығының сақталуын, бақылау актісінде қамтылған бұзушылықтардың анықтығының растығын айқындау жолымен бақылау актілерінің сапасын бағалау.
      Ескерту. 114-тармаққа өзгерту енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010.11.28 № 37-Қ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      115. Бақылау актілерінің сапасына талдауды, оның ішінде бақылау объектісіне барып жүзеге асыру туралы шешімді бақылау органының басшысы жеке-дара қабылдайды.
      116. Бақылау органдары қызметкерлерінің белгіленген бақылау рәсімдерін сақтамау жағдайлары, сондай-ақ бақылау сапасының төмен болуы, бақылау нәтижелерін толық көрсетпеуі, қаржы бұзушылық фактілерін жасыруы түрінде жол берген бұзушылық фактілерінің анықталуы бақылау актілерінің сапасына талдауды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
      117. Бақылау материалдарының сапасын талдаудың нәтижелері анықтама түрінде ресімделіп, бақылау органының басшысына ұсынылады.

9. Мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды бақылау жүргізуге тартудың тәртібі

      118. Бақылау органы өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелердің, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды өзінің құзыреті шегінде мынадай ұйымдық нысанда тарта алады:
      бақылау органының жекелеген мамандарын бақылау тобының құрамына енгізу;
      аудиторлық ұйымдарға бақылау бағдарламасына сай қызметтер көрсетуді тапсыру.
      119. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың мақсаты тиісті сирек мамандандырылған мәселелер бойынша арнайы білімдерді пайдалану жолымен сапалы бақылаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және тәуелсіз сараптаманы жүргізу болып табылады.
      120. Мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың қажеттілігі бақылау органының стратегиялық, операциялық жоспарларын жасау кезінде айқындалады және бақылау жүргізу басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей бақылау органының тоқсандық жоспарын дайындау кезінде нақтыланады.
      121. Бақылау органының жоспарланған бақылаудың мән-жайын, саны мен мамандардың біліктілігін, бақылаудың өткізілу мерзімі мен кезеңін көрсете отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына жіберген хаты негізінде мемлекеттік органдардың мамандары бақылауға тартылады.
      122. Аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың қажеттілігін бақылауға жауапты лауазымды тұлғаның жазбаша өтінімі негізінде бақылау органының басшысы белгілейді. Жоспарланып отырған бақылауға жүргізілген талдаудың негізінде өтінімде аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың негіздемесі, олардың саны, оларға қойылатын біліктілік талаптары, олардың жұмыс істеу мерзімі мен кезеңі беріледі.
      123. Айрықша жағдайларда, бақылау жоспары бекітілгенен кейін аудиторлық ұйымдар мамандарының және сарапшылардың қызметіне қажеттілік туындаған жағдайда бақылау органының басшысы оларды жұмысқа тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      124. Бақылауға жауапты лауазымды тұлғалардың жазбаша өтінімдері негізінде, бөлінген сомалардың лимиттеріне сүйене отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартудың жиынтық өтінімі жасалады, ол бақылау органының стратегиялық, операциялық (жылдық) және тоқсандық жұмыс жоспарларына талқылануға және бекітілуге енгізіледі.
      125. Аудиторлық ұйымдардың және сарапшылардың көрсететін қызметтерін сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олармен тиісті шарттар жасала отырып, жүргізіледі.
      126. Бақылаудың немесе сараптаманың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар есеп (акті, қорытынды) жасап, оны бақылауға жауапты лауазымды тұлғаға табыс етеді және ол көрсетілген қызметтердің актісін толтыруға негіз болады. Аудиторлық ұйымдардың және сарапшылардың қызметіне ақы төлеу жағдайлары тиісті шарттарда осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде көрсетіледі.
      127. Аудиторлық ұйымдардың және сарапшылардың есептерін қабылдау, сондай-ақ есепке берілген ескертпелер мен ұсыныстарды жою шарттары мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес белгіленеді.

10 Бақылау материалдарын есепке алу, олардың есептілігі мен орындалуын бақылау

      128. Қаулыға немесе Ұсынымға қол қойылғаннан кейiн бақылау органы екi жұмыс күнi iшiнде Қаулы мен Ұсынымда белгiленген шараларды қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға оның жiберiлуiн қамтамасыз етедi.
      129. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жiберiлген анықталған бұзушылықтарды жою, мемлекетке келтiрiлген залалдың орнын толтыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кiнәлi лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнiндегi Қаулылар мен Ұсынымдар ондағы көрсетiлген мерзiмде қаралуы тиiс.
      130. Қаулылар мен Ұсынымдардың орындалуын бақылауды бақылау органының бақылауға жауапты лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
      131. Бақылау органының Қаулыларының немесе Ұсынымдарының іске асырылуын бақылау мынадай рәсімдерді қамтиды:
      1) бақылау органының Қаулыларын немесе Ұсынымдарын бақылауға қою;
      2) бақылау органының Қаулыларының немесе Ұсынымдарының іске асырылу барысы мен нәтижелерін талдау;
      3) бақылау объектісі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген қаулыларды (ұсынымдарды) қараудың тәртібі мен мерзімін қасақана немесе жүйелі түрде сақтамаған жағдайда шаралар қабылдау;
      4) Қаулыларды немесе Ұсынымдарды бақылаудан алу, оларды іске асырудың мерзімін ұзарту және (немесе) оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау.
      132. Құқық қорғау органдарына жіберілген бақылау іс-шараларының материалдарын олардың қарау қорытындысы бойынша бақылау органы олардың қабылдаған шараларына талдау жүргізеді.
      Бақылау материалдарын қараудың нәтижелері бойынша құқық қорғау органынан алынған ақпараттың негізінде талдау жүргізіледі.
      133. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және өзге де бақылау объектілеріне жіберілген ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалуын бақылау жүктелген лауазымды тұлға Қаулыда немесе Ұсынымда белгiленген атқарылу мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi бес күннiң iшiнде Қаулының (Ұсынымның) әрбiр тармағының iске асырылуы туралы бақылау органы басшысының атына қызметтiк жазба дайындайды. Қаулының (Ұсынымның) қандайда да бiр тармағы орындалмаған жағдайда қызметтiк жазбада оның себептерi мен ықтималды орындалу мерзiмi көрсетiледi.
      134. Қажет болған жағдайда, Қаулының немесе Ұсынымның орындалу барысы туралы мәселенi талқылау бақылау органының отырысына шығарылуы мүмкiн.
      135. Бақылаудың қорытындысы бойынша есепке алу, олардың есептілігі және оларды сақтау ақпараттық базада қағаз, сондай-ақ электрондық жеткiзушiлерде жүзеге асырылады.
      136. Есептілік нысаны, оның кезеңдiлiгi, сондай-ақ бақылау iс-шараларының нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар тiзiлiмiнiң нысаны, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнде анықталған қаржы бұзушылықтардың сыныптамасы бүкіл бақылау органдары үшін бірыңғай болып табылады және Төрағаның бұйрығымен бекітіледі.
      137. Қағаз жеткізгіштердегі бақылау материалдары Қаулыға немесе Ұсынымға қол қойылғаннан кейiн бақылау органының уәкілетті қызметкеріне немесе құрылымдық бөлімшесіне бес күннiң iшiнде тапсырылып, iс қағаздарын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес сақталады және кейiннен белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсырылады.
      138. Мемлекеттiк құпияны құрайтын бақылау материалдары есепке алынып, Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес сақталады.
      139. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн жiберiлген әкiмшiлiк материалдардың көшiрмелерi бақылау органының уәкілетті қызметкерінде немесе құрылымдық бөлімшесінде сақталады және жеке журналда тiркеледi. Сақтауға тапсырылған әкiмшiлiк материалдардың көшiрмелерi бақылау органының жалпы хат-хабарларынан бөлек сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады