Байланыс формасы

Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 351 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 21 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5797 болып енгізілді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 170-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесі бекітілсін.
      2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының "Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 16 наурыздағы N 36 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 наурызда N 3519 тіркелген).
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Экономика          Қазақстан Республикасы
және бюджеттік жоспарлау министрі              Қаржы министрі
    ______________ Б. Сұлтанов          _____________ Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы Экономика 
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2009 жылғы 06 тамыздағы N 166  
және Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы
N 351 бірлескен бұйрығымен   
бекітілген             

Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін
және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен нәтижелері туралы
берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды
айқындау ережесі

      1. Осы Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі)    170-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.
      2. Байланысты гранттардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру шеңберінде оларды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс етудің мақсаты байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау, байланысты гранттарды тартуды жоспарлау процесін жетілдіру және байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
      3. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есепті жасау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және онда мыналар қамтылады:
      1) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының стратегиялық жоспарларына сәйкес жоспарланған мәліметтер көрінісі;
      2) қол жеткен нәтижелерді (нақты мәліметтерді) жоспарланғандармен салыстыру;
      3) жинау көздері мен әдістерін, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау үшін ақпаратты өңдеу мен талдаудың пайдаланылған әдістерін көрсету.
      4) байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау нәтижелері;
      5) байланысты гранттардың қаражатын пайдалану барысы мен нәтижелерінің донормен жасалған грант туралы келісім шарттарына, сондай-ақ донорлардың байланысты гранттарды беру рәсімдері мен саясатына сәйкестігін бағалау;
      6) байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар.
      Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты дайындау көзі болып табылады.
      Байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау төменде көрсетілген ақпаратты өңдеу және талдау әдістерінің негізінде жүргізіледі.
      Байланысты гранттарды іске асыру барысында қол жеткізілген тікелей материалдық немесе материалдық емес салдарлар болып табылатын нәтижелерге бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:
      заттай көріністегі жұмыстар көлемінің, іске асыру мерзімдері мен қаржы шығындарының байланысты грантты жоспарлау сатысында көзделген тиісті көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;
      көрсеткіштердің стандарттар талаптарына және жоспарлау сатысында құралған өзге де талаптарға сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;
      жоспарлау сатысында қабылданған алғы шарттарды (бастапқы мәліметтерді), сондай-ақ күтілетін ағымдағы шығыстар мен оларды қаржыландыру көздерін растау дәрежесі белгіленеді;
      жобаны іске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және іске асыруға қатысушы тараптардың іс-әрекеті бағаланады;
      жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
      Аяқталған жобаның әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер етуіне бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:
      басқа жобалар қатарындағы жобаның мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуге үлесінің ара қатынасы белгіленеді;
      ағымдағы шығындар туралы нақты мәліметтер және жоспарлау сатысында құрылған алғы шарттарды (бастапқы мәліметтерді) растау дәрежесі талданады;
      мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламалардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуге жоба үлесінің тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
      4. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) осы Ереженің 1-4–қосымшасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есептілік нысандарын береді.
      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган алынған ақпараттар негізінде байланысты гранттарды пайдалануды бағалайды, ол мыналарды қамтиды:
      1) байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалау;
      2) байланысты гранттарды пайдалану арқылы жоспарланған және қол жеткізген нәтижелерді салыстыру, сондай-ақ олардың республиканың және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін талдау;
      3) байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалау мен талдау.
      6. Бағалаудың барлық түрлерін орындаған кезде әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамдарын және донорлардың (бар болған жағдайда) елдік бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде байланысты гранттарды дайындау мен іске асыруды жақсарту жөніндегі ұсынымдар жасалады.
      7. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы жылдық есептілікті және ақпаратты байланысты гранттар тартылған өтінімдер бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдардың есептілігін ескере отырып, орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 5 наурызынан кешіктірмей тапсырады.

Есептілікті табыс ету тәртібі  
мен мерзімдерін және нысандарын,
сондай-ақ байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы берілетін ақпаратқа     
қойылатын талаптарды айқындау  
ережесіне 1-қосымша       

Байланысты грант қаражатының игерілуі туралы деректер

N р/с

Санаттың атауы

Санаттың сомасы (АҚШ долл.)

Жауапты ұйым

Тауарларды, қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) беруші фирма

Келісім-шартқа қол қойылған күн

Келісім-шарт сомасы (АҚШ долл.)

1

2


4

5

6

7

Жиыны:

кестенің жалғасы

АҚШ долл. Қаражаттың жұмсалғаны

Жұмсалғаны

Келесі айға арналған болжам (АҚШ долл.)

Ескерту

Ағымдағы жылы

Бір ай ішінде

АҚШ долл.

теңге

АҚШ долл.

теңге

8

9

10

11

12

13

14


Ескерту:
      1. Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
      2. N 10 және N 12-бағандарда теңгенің АҚШ долларына бағамы қаражатты байланысты гранттың шотынан алу күніне қолданылады.

Есептілікті табыс ету тәртібі  
мен мерзімдерін және нысандарын,
сондай-ақ байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы берілетін ақпаратқа     
қойылатын талаптарды айқындау  
ережесіне 2-қосымша        

20__ жылғы______ байланысты грант қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат

Кодтары                             Донор
Функционалды топ                    Грант нөмірі
Мекеме                              Қызмет көрсетілген банктер
Бағдарлама                          Арнайы шоттар
Кіші бағдарлама                     20___жылғы "__"_____кіріс қалдық:
Арнайы шот

Грант қаражатының түсуі (бюджеттік жіктеменің коды)

N р/с

Қаражаттың түскен күні

Шетелдік валютадағы сомасы (мың АҚШ долл.)

Теңгемен сомасы (мың теңге)

Бюджеттік жіктеменің коды

Шетелдік валютадағы сомасы (мың АҚШ долл.)

Кассалық шығыстар (мың теңге)

Жыл басынан бергі бөлінген лимиттер (мың теңге)

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жиыны:

20__ жылғы______ арнайы шоттағы таза қалдық: мың АҚШ долл.
                                             мың теңге
                                             теңге бағамы

Байланысты грант қаражаттың есептен шығару (бюджеттік жіктеменің коды)

N р/с

Қаражаттың есептен шығарылған күні

Шетелдік валютадағы сомасы (мың АҚШ долл.)

Теңгемен сомасы (мың АҚШ долл.)

Бюджеттік жіктеменің коды

Шетелдік валютадағы сомасы (мың АҚШ долл.)

Кассалық шығыстар (мың теңге)

Жыл басынан бергі бөлінген лимиттер (мың теңге)

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

бір айдағы

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жиыны:

Ескерту: Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

Есептілікті табыс ету тәртібі  
мен мерзімдерін және нысандарын,
сондай-ақ байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы берілетін ақпаратқа     
қойылатын талаптарды айқындау  
ережесіне 3-қосымша      

Байланысты грант қаражатының 20___ жылғы______ жұмсалуы
туралы ақпарат

Кодтары                                Донор
Функционалды топ                       Грант нөмірі
Мекеме                                 Қызмет көрсетілген банктер
Бағдарлама                             Арнайы шоттар
Кіші бағдарлама

N р/с

Бюджеттік жіктеменің коды

Бюджетпен барлық бекітілгені

Есепті кезеңге арналған жоспар

Қаржыландыру лимиттері

Оффшорлық төлемдерді қоса алғанда, байланысты грант қаражатының есебінен жұмсалатын шығыстар

есепті айдағы

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

Жиыны:

Ескерту: Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

Есептілікті табыс ету тәртібі  
мен мерзімдерін және нысандарын,
сондай-ақ байланысты гранттарды
пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы берілетін ақпаратқа     
қойылатын талаптарды айқындау  
ережесіне 4-қосымша      

________________________________________________
(жобаның атауы)
жоба бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат

Функционалды топ                 Кіші бағдарлама
Мекеме                           Донор
Бағдарлама                       20___ жылғы "__"_____ жағдай бойынша

N р/с

Санаттың атауы

Санаттың сомасы

Тауарларды, қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) беруші фирма

Келісім-шарттың сомасы (келісім шарт валютада)

Келісім-шартқа қол қойылған күні

АҚШ долларында жұмсалған қаражат
 

Республикалық бюджетте көрсетілген шығыстар

Ерекшелігі

Кассалық шығыстар (мың АҚШ долл.)

Кассалық шығыстар (мың теңге)



есепті кезең үшін

жыл басынан бергі

есепті кезең үшін

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жиыны:

Ескерту:
      1. Есепке Қазақстан Республикасының байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы органның немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасарлары қол қояды.
      2. 7-бағанда жоба әрекеті басталғаннан бергі жұмсалған сома көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады