Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы N 663 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5877 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 656 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.09.26 № 656 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, халық емшілерінің қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сертификаттың нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес емшілер тізілімінің нысаны;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы емшілер тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                  Б. Садықов

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы    
N 663 бұйрығына       
1-қосымша          

Емші сертификатын беретін
аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымы N ___ сертификат

халық медицинасы әдісімен емдеу құқығын жүзеге асыру үшін азамат
____________________________________________________________ берілді.
                     (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Ішкі ағзаларының және нерв жүйелері функцияларының бұзылумен ауыратын
науқастарды халық медицинасы әдістерімен емдеуге РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ.

20 ____ жылғы "___" ____________ N ___ бұйрық.

Берілген күні 20 ___ жылғы "___" ___________.

Сертификат 20 ___ жылғы "___" ____________ дейін жарамды.

Аккредиттелген ұйымның басшысы
__________________________________________________________________
                  (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

М.О.

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы    
N 663 бұйрығына       
2-қосымша          

Қазақстан Республикасы емшілерінің тізілімі    

р/с N

Тегі, аты, әкесінің аты

Мекен-жайы (тұрғылықты жерін және қызметін жүзеге асыратын мекен-жайын көрсету керек)

Емші сауықтыратын аурулар түрінің тізімі

Сертификаттың N, сертификаттың берілген күні

бұйрықтың N







Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы   
N 663 бұйрығына       
3-қосымша           

Қазақстан Республикасы емшілері тізілімін жүргізу ережелері

      1. Осы Қазақстан Республикасы емшілері тізілімін жүргізу ережелері (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 54-бабына сай әзірленген және емшілер тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасы емшілер тізіліміне жеке тұлғалар енгізіледі.
      3. Тізілімге емші сертификатын алуға үміткер туралы мына мәліметтер енеді:
      1) Тегі, аты, әкесінің аты;
      2) Үй мекен-жайы (тұрақты мекен-жайы және қызмет атқаратын үй мекенжайы);
      3) Емші сауықтыратын аурулар түрінің тізімі;
      4) Сертификаттың N, сертификаттың берілген күні;
      5) бұйрықтың N;
      4. Қазақстан Республикасы емшілерінің тізілімін емшіге сертификат беруге аккредиттелген ұйым қалыптастырады және жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады