Байланыс формасы

Ақмола облысының Атбасар, Астрахан және Еңбекшілдер аудандары бойынша кейбір елді мекендер мен ауылдық округтерді таратып, қайта құру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысының әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № а-7/264 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 шілдеде № 3327 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының", "селолары" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.06.2016 № А-7/287 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 27 сәуіріндегі № а-4/98, 2009 жылдың 27 сәуіріндегі № а-4/99 қаулылары мен Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С 17/3, 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С 17/4 шешімдері, Астрахан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 57 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 наурыздағы № 4С-5-8 шешімі, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4/61 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № С-15/8 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері таратылып, қайта құрылсын:
      Атбасар ауданы бойынша:
      Қаражар ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Тельман ауылдық округіне Қаражар ауылы мен қысқартылған Қаражар ауылдық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
      Новомариновка ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Шұңқыркөл ауылдық округіне Новомариновка ауылы мен қысқартылған Новомариновка ауылдық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
      Новомариновка ауылы Шұңқыркөл ауылдық округінің орталығы болып белгіленсін;
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Октябрь ауылдық округінің Николаевка ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      2) Астрахан ауданы бойынша:
      Қайнар ауылдық округінің Луговое және Қаратүбек ауылдары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Қайнар ауылының құрамына енгізілсін;
      Қайнар ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Ұзынкөл ауылдық округіне Қайнар ауылы мен таратылған Қайнар ауылдық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
      3) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Краснофлот ауылдық округінің Қайнар ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының
әкімі
А.Рау
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Б.Судибор
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады