Көкшетау қаласы әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 27 "Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда № 1-1-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2010.03.15 № 8 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы, 1 тармағы, 13 тармақшасына сәйкес және 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскерге шақырылушыларды және әскери міндеттілерді есепке алуын жүргізу тәртібі жөнінде ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, қала әкімі ШЕШТІ:
      1. (2009 жылдың 8 қаңтарында № 1 «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған, № 1-1-93 нормативтік-құқықтық актілердің аймақтық тізілімінде тіркелген) Көкшетау қаласы әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 27 «Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 2 тармағы 1 тармақшасы есептен шығарылсын.
      2. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.                

      КЕЛІСІЛДІ:
       Көкшетау қаласының әкімі                Б.Сапаров

      «Ақмола облыстық денсаулық
      сақтау басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                     В.П. Маджуга

      «Көкшетау қаласының ішкі істер
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                    Қ.Ж. Айтқожин

      «Көкшетау қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы         О.Б.Айтқазин

      «Көкшетау қаласы әкімі аппараты»
      мемлекеттік мекемесінің жетекшісі      А.А. Фидченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады