Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/143 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында" азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № а-11/301 қаулысы. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 желтоқсанда № 1-5-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № а-2/28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010.02.04 № а-2/28 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атбасар ауданы әкімдігінің «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/143 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-118 тіркелген, 2009 жылғы 10 шілдеде «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      аудандық шақыру комиссиясының құрамына Рысакова Дәмелі Ақпашқызы, «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қабылдау бөлмесінің медициналық бикесі–шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша) болып енгізілсін;
      Храпатая Елена Николаевна аудандық шақыру комиссиясының құрамынан шығарылсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 21 қазанда пайда болған құқықтық қатынасқа таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ. Қаженовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Р.Әубәкіров

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер Министрлігі
      Ақмола облысының
      Ішкі істер департаменті
      Атбасар ауданының
      Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М.Әбдірахманов

      Ақмола облысы
      денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы
      «Атбасар аудандық емханасы»
      мемлекеттік комуналдық
      қазыналық кәсіпорынының
      бас дәрігері                               С.Панасюра

      «Ақмола облысы
      денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы
      «Атбасар орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері                  Т.Махамбетова

      «Ақмола облысы
      Атбасар қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ә.Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады