Жаңатұрмыс ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 02 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 қарашада № 1-6-111 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 15 шілдедегі Жаңатұрмыс ауыл тұрғындары жиынның № 9 хаттамасын ескере отырып, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 02 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Жаңатұрмыс ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - Абай Құнанбаев атындағы атауы;
      № 2 көшеге - Ыбырай Алтынсарин атындағы атауы;
      № 3 көшеге - Ақан сері атындағы атауы;
      № 4 көшеге - Абылай хан атындағы атауы;
      № 5 көшеге - Набережная атауы;
      № 6 көшеге - Кенесары атындағы атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауылдық
округінің әкімі
Қ.Садауов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушысы
Л.Ақанова
      Астрахан ауданының
"Сәулет және қала
құрылысы бөлемі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Н.Герасимова
      Астрахан ауданының
"Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлемі"
мемлекеттік мекемесіні
бастығы
А.Жүсіпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады