Ерейментау ауданы Новодолинка селолық округінің Новодолинка селосының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новодолинка селолық округі әкімінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 қаңтарда № 1-9-137 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Новодолинка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Новодолинка селолық округінің көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Парковая көшесі Дінмухамед Қонаев атындағы көшесіне;
      Интернациональная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      Юбилейная көшесі Бөгенбай батыр атындағы көшесіне;
      Школьная көшесі Ыбрай Алтынсарин атындағы көшесіне;
      Зеленая көшесі Сәкен Сейфулин атындағы көшесіне;
      Гагарин көшесі Тоқтар Әубакіров атындағы көшесіне;
      Карла Маркса көшесі Абылайхан атындағы көшесіне;
      Ленин көшесі Қажымұқан атындағы көшесіне;
      Энгельс көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      Тельман көшесі Шоқан Уәлиханов атындағы көшесіне;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Новодолинка селолық
      округінің әкімі                            Г.Ж.Күдебаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К.Батенов

      «Ерейментау ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Б.Адрешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады