Анғал батыр және Жаңалық ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Анғал батыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 17 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 1-10-100 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, 2009 жылғы 13 мамырдағы Аңғал батыр ауылы тұрғындары жиынының № 06 хаттамасын және 2009 жылғы 14 мамырдағы Жаңалық ауылы тұрғындары жиынының № 07 хаттамасын есепке ала отырып, Аңғал батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аңғал батыр және Жаңалық ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Аңғал батыр ауылында № 1 көшесіне – «Ақсу» атауы, № 2 көшесіне - «Аманкелді» атауы, № 3 көшесіне - «Жамбыл» атауы, № 4 көшесіне – «Аңғал батыр» атауы, № 5 көшесіне – «Ақ қайын» атауы, № 6 көшесіне – «Жанбатыр қажы» атауы;
      2) Жаңалық ауылында №1 көшесіне – «Бейбітшілік» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аңғал батыр ауылдық
      округінің әкімі                            Ә. Жақыпова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Қ. Ахметова

      Еңбекшілдер ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г.Т. Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады