Есіл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 4/3 "Қамтылуы нашар азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 15/6 шешімі. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 мамырда № 1-11-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 45/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 09.12.2011 № 45/6 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының «Қамтылуы нашар азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қарашадағы № 4/3 шешімімен бекітілген, «Қамтылуы нашар азаматтарға(отбасыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы» Ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-11-76 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 10 желтоқсандағы аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған), Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 4/3 «Қамтылуы нашар азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үйін ұстауға, коммуналдық қызмет және телефон абоненттік байланысын тұтынуын төлеуге көмек көрсету реті туралы Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 26 қыркүйектегі 10/6 шешіміне өзгерту енгізу туралы» шешімімен келесі өзгерту енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-11-90 нөмірімен тіркелген, 2008 жылы 14 қарашада аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 65 нөмірінде жарияланған), келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тараудағы:
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «Тұрғын үй көмегі аудан аумағында тұрақты тұратын және аудан аумағында орналасқан меншік иесі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушы қамтылуы нашар тобына тұрғын үйін үйдегі пештен жылытуына, пәтерін пештен жылытуына және жалпы мүлік нысаны кондоминиумын жөндеуге коммуналдық қызметті пайдалану ақысының есесін бөлшектеп қайтару үшін беріледі;
      2 тармақтағы «тұрғын үй жәрдем ақшасы» сөзі «тұрғын үй көмегі» сөзімен ауыстырылсын,
      4 тармақтағы «жатақханадағы бөлме» сөзінен кейін «жергілікті жылуымен жеке үй құрылысы» сөзімен толықтырылсын;
      2 тараудағы:
      8 тармақтағы бірінші азат жолдағы «тұрғын үй жәрдем ақшасы» сөзі «тұрғын үй көмегіне» сөзімен ауыстырылсын;
      9 тармақтағы «тұрғын үй жәрдем ақшасы» сөзі «тұрғын үй көмегін» сөзімен ауыстырылсын;
      10 тармақ келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      Пәтерде пайдаланып отырған газ плитасы болса бір адамға айына газ шығынының нормасы 8,3 келіге тең, екі немесе үш адамнан тұратын от басына – бір газ баллон, төрт және одан да көп адамнан тұратын отбасына - екі газ баллон;
      11 тармақтағы «жәрдемақшасы» сөзі «көмек» сөзімен ауыстырылсын;
      14 тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      6) № 4 үлгідегі анықтама,
      7) жұмыссыздық ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      15 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «Тұрғын үй көмегі бұрынғы тоқсандағы тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер төлеміне кірістер мен шығыстар бойынша ағымдағы тоқсандағы құжаттарды берген айдан бастап бір тоқсанға тағайындалады. Жиынтық кірісі болмаған жағдайда бір адамға үш ең төменгі есептеу көрсеткіші қабылданады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының жиынтық кірісіне және тұрғын үйін ұстауына төлейтін коммуналдық қызмет шығындарына байланысты.
      Жеке үй құрылысында пешпен жылытып тұратын отбасыларына тұрмыстық көмекті есептеу үшін 1 шаршы метр тұрғын алаңға көмір шығыны нормасы тұрғын үйдің әлеуметтік нормасына сәйкес, 49,75 килограмм деп ескерілсін, бірақ әр отбасына жылына 5 тоннадан көп болмауы керек.
      Көмір құнын есептеу үшін тоқсанның соңғы айындағы, алдағы тоқсандағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) тұрғын үй көмегін есептеу жағдайы бойынша аудандық статистика бөлімі ұсынған аудан бойынша орташа баға алынады.
      Барлық коммуналдық қызмет көрсету және олардың тұрғын үй көмегін есептеу үшін өзгерістеріне заңды түрде бекітілген тарифті қызмет көрсетуші береді.
      Ұсынылған құжаттарға сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетуге жататын шығындар және отбасы кірістерінің есебі жасалады, есепке заң жолымен іс-әрекет жасауға құқығы бар отбасы өкілі және құжаттарды қабылдайтын маман қол қояды.
      Есепті негізге ала отырып, тұрмыстық көмек тағайындау туралы «Есіл ауданының жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі шешім қабылдайды. Мәселе талас болса, шешімді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қабылдайды.
      3 тараудағы:
      18 тармақтағы «Телефон үшін абоненттік төлем тарифының көтерілу компенсациясын қаржыландыру республикалық бюджет бағдарламалары қаражаты есебінен жүзеге асырылады» сөзі алынып тасталсын;
      23 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысы, Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші ресми жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Гетманов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ж.Қажыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Есіл ауданы
      әкімінің м.а.                              Ә.Смағұлов

      Ауданның жұмыстылық және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          В.Чернецкая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады