2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № а-5/202 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда № 1-13-91 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № А-0/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010.01.05 № А-0/2 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-ші шілдедегі Заңына «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 cәуірдегі № 779 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақмола облысы Жақсы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. 1 қосымшаға сәйкес, әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. 2 қосымшаға сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесі бекітілсін.
      4. Ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, ұйымдардың басшылары әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды «Ақмола облысы Жақсы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру туралы хабарласын және олардың уақытында келуін қамтамасыз етілсін.
      5. Ақмола облысы денсаулық сақтау Басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруда және тіркеу кезінде оларды дәрігерлік куәландырудан өткізуді, сондай-ақ қажетті медициналық қызметкерлермен, құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етсін.
      6. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Ішкі істер Департаментінің Жақсы ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша): әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.7. Ұйым басшылары әскерге шақырылушыларды іссапардан (демалыстарынан) шақыртсын, оларға хабарлауды және шақыру учаскелеріне уақытында келуді ұйымдастырсын.
      8. Осы қаулы 2009 жылдың 17 сәуірінен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Бралинаға жүктелсін.
      10. Осы қаулы Жақсы аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының
      әкімі                                      И. Қабдуғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      Басқармасының жанындағы
      «Жақсы аудандық емханасы»
      коммуналдық қазынашылық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Н.Усина

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер
      Министрлігі ішкі істер Департаментіні
      Жақсы ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Жапаров

      «Ақмола облысы Жақсы
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н.Мельников

Жақсы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 5 маусымдағы № А-5/202
қаулысына 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2009.07.27 № А-6/229 қаулысымен

Аудандық шақыру коммисиясының
ҚҰРАМЫ

      Мельникова Николай             "Жақсы аудандық қорғаныс істері         Ильич                           жөніндегі бөлімі" мемлекеттік                                          мекемесінің бастығы,
                                      комиссиясының төрағасы

      Тайтанова                       "Ақмола облысы Жақсы ауданы
      Жанна Егінбайқызы               әкімінің аппараты" мемлекеттік
                                      мекемесінің әкімшілік -
                                      құқықтық жұмыстар бөлімінің
                                      бастығы

Коммисия мүшелері

      Есенғұлов                       "Қазақстан Республикасының ішкі
      Әділет Қуатұлы                   істер" Министірлігі ішкі істер                                         Департаментінің Жақсы ауданы
                                       ішкі істер бөлімі мемлекеттік
                                       мекемесі бастығының орынбасары

      Әбілдаева                        "Ақмола облысы денсаулық
      Гүлжан Тарғынқызы                 сақтау Басқармасының
                                        жанындағы" Жақсы аудандық
                                        емханасы" коммуналдық
                                        қазынашылық кәсіпорны бас
                                        дәрігерінің емдеу-алдын алу
                                        жұмыстары бойынша орынбасары,
                                        медициналық коммисиясының
                                        төрайымы

      Титова                            Ақмола облысы денсаулық
      Екатерина Николаевна              сақтау Басқармасының
                                        жанындағы "Жақсы аудандық
                                        емханасы" коммуналдық
                                        қазынашылық кәсіпорнының
                                        медициналық бикесі, коммисия
                                        хатшысы

Жақсы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 5 маусымдағы № А-5/202
қаулысына 2 қосымша

ГРАФИК
проведения призыва на воинскую службу


п/п

Наименование
сельских округов

Дни работы комиссии, время – с 8.30 до 18.00

апрель

май

июнь

октябрь

ноябрь

декабрь

1.

село Белагаш

17

12

2

5

3

7

2.

Беловодский с/о

17

12

2

5

3

7

3.

Есильский с/о

17

13

-

6

4

-

4.

село Жаксы

20

18

3

9

6

9

5.

Жана-Кийминский с/о

23

20

4

12

4

11

6.

Запорожский с/о

23

20

4

12

4

11

7.

Ишимский с/о

23

20

4

12

4

11

8.

Кайрактинский с/о

20

25

2

9

10

12

9.

Калининский с/о

20

25

2

9

10

12

10.

Кызылсайский с/о

21

25

2

9

10

12

11.

село Киевское

21

25

2

9

10

14

12.

Новокиенский с/о

21

22

2

14

12

14

13.

село Подгорное

24

22

2

14

12

14

14.

Тарасовский с/о

24

22

2

14

12

14

15.

Терсаканский с/о

22

15

-

12

4

11

16.

село Чапаевское

21

22

-

9

12

-

Расшифровка аббревиатур:
      с/о – сельский округ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады