"2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы А-5/202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № А-6/229 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 1-13-97 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № А-0/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2010.01.05 № А-0/2 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан–желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы» Жақсы ауданының әкімдігін 2009 жылдың 5 маусымдағы № А-5/202 қаулысына (Жақсы ауданы әкімдігінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1–13–91 тіркелген, аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде 2009 жылғы 19 маусымда № 29 жариялған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 қосымшада:
      Аудандық шакыру комиссиясының құрамына Есенғұлов Әділет Қуатұлы - «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі істер департаментінің Жақсы ауданы Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары кеңес мүшесі ретінде енгізілсін;
      Кеңес құрамынан Ахметов Қ.М. шығарылсын.
      2. Осы қаулы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының
      әкімі                                      И.Қабдуғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Ақмола облысы
      Денсаулық сақтау
      басқармасының жанындағы
      «Жақсы аудандық
      емханасы» коммуналдық
      қазынашылық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Н.Усина

      «Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Ішкі істер департаменті
      Жақсы ауданы Ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы                          Е.Есенаманов

      «Ақмола облысы
      Жақсы ауданының
      Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               Ж.Каркинбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады