Исаковка ауылы, Костомаровка ауылы, Ұялы ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Исаковка селолық округі әкімінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте № 1-14-112 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы Исаковка ауылдық округі әкімінің 03.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Исаковка ауылы, Костомаровка ауылы, Ұялы ауылы халқының пікірін ескере отырып, Исаковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Исаковка ауылдық округі әкімінің 03.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Исаковка ауылы, Костомаровка ауылы, Ұялы ауылының көшелеріне атаулар берілсін:

      1) Исаковка ауылы:

      № 1 көшеге – Бейбітшілік атауы;

      № 2 көшеге – Мектеп атауы;

      № 3 көшеге – Достық атауы;

      № 4 көшеге – Жеңіс атауы;

      № 5 көшеге – Жаңа атауы;

      2) Костомаровка ауылы:

      № 1 көшеге – Әубәкір Ілиясов атындағы атау;

      № 2 көшеге – Мектеп атауы;

      № 3 көшеге – Орман атауы;

      3) Ұялы ауылына:

      № 1 – Бапан Бектұрсынов атындағы атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ.Албаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданының
"Сәулет және қала
құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
В.М.Петрова
      Зеренді ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады