Қаражар ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел селолық округі әкімінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 694/2 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қазанда № 1-17-114 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Қаражар ауылы тұрғындары жиналысының 2009 жылдың 24 шілдесіндегі № 2 хаттамасын есепке ала отырып, Қараөткел селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Қаражар ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - Желтоқсан атауы;
      № 2 көшеге - Қасым Қайсенов атауы;
      № 3 көшеге - Асан қайғы атауы;
      № 4 көшеге - Жәнібек хан атауы;
      № 5 көшеге - Исатай Тайманов атауы;
      № 6 көшеге - Әлкей Марғұлан атауы;
      № 7 көшеге - Жаяу Мұса атауы;
      № 8 көшеге - Біржан сал атауы;
      № 9 көшеге - Ғарифолла Құрманғалиев атауы;
      № 10 көшеге - Керей хан атауы;
      № 11 көшеге - Кенен Әзірбаев атауы;
      № 12 көшеге - Тоныкөк атауы;
      № 13 көшеге - Күлтегін атауы;
      № 14 көшеге - Ықылас Дүкенұлы атауы;
      № 15 көшеге - Иманжүсіп Күтпанұлы атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет бақсармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қараөткел селолық
      округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е.Керкеев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Целиноград ауданы
      Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ш.Өтегенова

      "Целиноград ауданының
      Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Сағынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады