Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы № 1019 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 12 мамырда № 3-1-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 10.01.2019 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ аталған орындарды қалқан-стендтермен және тумбалармен жарақтандырсын.

      3. Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2007 жылғы 29 маусымда № 3-1-74 болып тіркелген, 2007 жылғы 12 шілдедегі № 86-87 "Ақтөбе" және 2007 жылғы 17 шілдедегі № 88 "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 1730 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланған соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А.Мұхамбетов

  Қала әкімдігінің
2009 жылғы 4 мамырдағы
№ 1019 қаулысына
қосымша

Ақтөбе қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.12.2015 № 5058 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Округ №

Үгіттік баспа материалдары орналастырылатын орын

Атауы

Саны

1.

Кобозев көшесі, 12 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Ақтөбе қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жаңында.

қалқан-стенд

1

2.

Ломоносов көшесі, 26 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Уакыт и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Мебельный" дүкені жаңында.

қалқан-стенд, тумба

1
1

3.

Шернияз және Некрасов көшелерінің бұрышында орналасқан "Инмед" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Дантист" тіс емдеу клиникасы жаңында.

тумба

1

Шернияз көшесі, 72 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "А.С.Пушкин атындағы қалалық саябақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңында.

тумба

1

4.

Мирзоян көшесі, 6 мекен-жайында "№ 13 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жаңында.

қалқан-стенд

1

5.

Оренбургская көшесі, 14 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Тарасов С.А." жеке кәспікерлігінің "Карета" техникалық қызмет көрсету сервисі жаңында.

қалқан-стенд

1

6.

Арынов көшесі, 1 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Ақтөбе қаржы-экономикалық колледжі" жеке меншік мекемесінің ғимаратының жаңында.

қалқан-стенд

1

7.

А.Иманов және 1905 көшелерінің бұрышында.

қалқан-стенд

1

8.

11 шағын аудан, 47 үй, мекен-жайында орналасқан "Анвар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Анвар" супермаркеті жаңында.

қалқан-стенд, тумба

1
1

9.

12 шағын аудан, "№ 51 гимназия" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жаңында.

қалқан-стенд

1

10.

Рысқұлов көшесі мен Мир даңғылының бұрышында.

қалқан-стенд

1

11.

Мир даңғылы, 17 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жаңында.

қалқан-стенд

1

12.

Әбілқайыр хан даңғылы, 8 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Сбербанк" акционерлік қоғамдастығы филиалының жаңында.

қалқан-стенд

1

13.

Есет батыр көшесі, 69 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Акватория Актобе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Акватория" дүкені жаңында.

қалқан-стенд

1

Есет батыр көшесі, 73 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Ақтөбе гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жаңында.

тумба

1

14.

Әбілқайыр хан даңғылы, 34 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Лучшее решение" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Дина" супермаркеті жаңында.

қалқан-стенд, тумба

1
2

15.

Есет батыр көшесі, 109 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Анвар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Анвар" супермаркетінің жаңында.

қалқан-стенд

1

16.

Ағайынды Жұбановтар көшесі, 267 үй, мекен-жайында орналасқан "Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жаңында

қалқан-стенд

1

17.

Пацаев көшесі мен Сәңкібай батыр даңғылының бұрышы.

қалқан-стенд

1

18.

Ә.Молдағұлова даңғылы, 17 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "ДСК сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты жаңында.

қалқан-стенд

1

19.

101 атқыштар бригадасы көшесі, 5 үй, мекен-жайында орналасқан "№ 17 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында.

қалқан-стенд

1

20.

Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "Лучшее решение" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Дина" супермаркеті жаңында.

қалқан-стенд

1

21.

1) Кірпішті кенті, Кирпичная көшесі, 5 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан "№ 5 қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының отбасылық амбулаториясы жаңында.
2) Қурайлы ауылы – "Құрайлы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жаңында;
3) Новый ауылы – "Новый ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жаңында.

қалқан-стенд

3

22.

Кеңес Нокин ауылы – "Благодар ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жаңында.

қалқан-стенд

1

23.

Қарғалы ауылы, Сәтбаев көшесі, 42 үй, мекен-жайында орналасқан "Грейс" кафесі жаңында.

қалқан-стенд

1


Барлығы:


31

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады