Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 27 казанда N 3-5-104 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селосының", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің 20.02.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және 16 бабына, сәйкес және Аманкөл ауылдық округі тұрғындарының пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің 20.02.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Құтикөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Құтикөл ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Есен Игібаев – 1904 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Бірінші көшеге есімі берілсін.
      2) Нұртияқ Жаманшин - 1891 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған. 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Екінші көшеге есімі берілсін.
      3) Әмірхан Барысбаев – 1896 жылы туған Коминтерн колхозының басқармасы болған. 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Үшінші көшеге есімі берілсін.
      4) Пішен Төрегелдин - 1875 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Төртінші көшеге есімі берілсін.
      5) Оңғар Райымбаев – 1891 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған.1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Бесінші көшеге есімі берілсін.
      6) Төлеу Манасов - 1927 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған.1949 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Алтыншы көшеге есімі берілсін.
      7) Шүлтік Жоланов - 1904 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған. 1949 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Жетінші көшеге есімі берілсін.
      8) Әлішбек Шахин - 1893 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған.1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Сегізінші көшеге есімі берілсін.
      2. Аманкөл ауылдық округінің Аманкөл ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Тел Жаманмұрынов – 1888 жылы туған. Мемлекет қайраткері, 1918 жылы Ырғыз уезі атқару комитетінің төрағасы қызметінен бастап, 1937 жылға дейін Қазақстан Республикасының әртүрлі жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған. Бірінші көшеге есімі берілсін.
      2) Зарлық Қалиев – 1934 жылы туған. "Ленин" орденді Ырғыз совхозының аға шопаны болған. Екінші көшеге есімі берілсін.
      3) Айқын Қантайұлы – 1916 жылдары Ұлтазаттық көтерліс басшысы болған. Халық батыры атанған, елге силы адам болған. Үшінші көшеге есімі берілсін.
      4) Бақберген Ақдәулетұлы – 1892 жылы туған. Адам жанына шипа болған жан "Бақберген ата" атанып, халық сүйіспеншілігіне бөленген, сынықшы-емші болған. Төртінші көшеге есімі берілсін.
      3. Аманкөл ауылдық округінің Жарма ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Төлеу Манасов - 1927 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған. 1949 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Бірінші көшеге есімі берілсін.
      2) Нұртияқ Жаманшин - 1891 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған. 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Екінші көшеге есімі берілсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкөл ауылдық округінің әкімі: Ж. ҚАЙЫРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады