Аманкөл селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 10 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда № 4235 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Аманкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аманкөл селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 10 "Көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-104 тіркелген, 2009 жылдың 10 қарашадағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысы" деген сөздер алынып тасталсын.
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селосының", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкөл ауылдық округінің әкімі А. БАЙМҰХАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады