Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 128 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 18 тамызда N 3-8-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қазандағы № 43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.10.25 № 43 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 67 баптарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі орындар анықталсын:
      1) Мәртөк селосында Есет-Көкіұлы көшесінде орналасқан «Жастық» мәдени және демалыс саябағы»;
      2) Хлебодаровка селосында Ленин көшесі бойында орналасқан «Қайсар» ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң;
      3) Жайсан ауылындағы ауыл клубына тірелген алаң;
      4) Андреевка селосындағы селолық клубына тірелген алаң;
      5) Вознесеновка селосындағы селолық клубына тірелген алаң;
      6) Саржансай селосындағы бұрынғы мехток қоймасынан 200 метр қашықтықта оңтүстік бағытта орналасқан алаң;
      7) Родников селосындағы Мәдениет үйіне тірелген алаң.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011.07.22 № 239 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      2. Аудандық мәслихаттың шешімі 2005 жылғы 28 қазандағы № 158 «Ауданда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінің қосымша регламенттеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі № 3-8-9, 2005 жылғы 11 қарашадағы «Мәртөк тынысы» № 45 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                     Аудандық
      сессиясының төрайымы                мәслихат хатшысы

          Н.Хусаинова                        А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады